Нұртуған жыраудың "Қанекей, тілім сөйлеші" термесінің сөздері керек?

0 дауыс
14.3k қаралым
Достар комектерин кажет,Нуртуганнын термесi 'Канекей тiлiм сойлешi' оленнiн текстин ягни созин тауып бересиздерме,толык сози болса деим,маган оте кажет болып тездетсениздер,алдын ала рахмет!
• Санаты: Тұлға, Адам Белгісіз

2 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Қанекей тілім сойлеші көрсетіп көпке өнерді
Қызыл тілім жел сөзге туғаннан ақ шеберді
Кім тындайды сөзімді болмаса әсем мәнерлі
Басы пұлды болады болса жігіт өнерлі
Дүниедегі жандының бірі артық бірі төменді
Алма мойын наз бедеу құмар жігіт мінеді
Ару ана шал құйрық бірденді ау бірге келеді
Балдағы алтын ақ үйрек ерденді ау ерге көнеді
Қаражал құлан ақ шұбар су тұнығын біледі
Алғыр бүркіт мұз бала асқар тауда түледі
Алтайы қызыл ақ тамақ қиашыңда жүреді
Жігіттің артық абзалы бір
Аллаға сенеді
Қанекей тілім сойлеші көрсетіп көпке өнерді
Қызыл тілім жел сөзге туғаннан ақ шеберді
Кім тындайды сөзімді болмаса әсем мәнерлі
Басы пұлды болады болса жігіт өнерлі
Дүниедегі жандының бірі артық бірі төменді
Алма мойын наз бедеу құмар жігіт мінеді...
Рахмет Таkеnzi коп коп рахмет Алланын нуры жаусын саган
0 дауыс
"Қанекей тілім сөйлеші!"

1. Қанекей тілім сөйлеші, көрсетіп көпке өнерді.

Қызыл тілім жел сөзге, туғаннан-ақ шеберлі.
Кім тыңдайды сөзіңді, болмаса әсем мәнерлі?

2. Басы пұлды болады, болса жігіт өнерлі.

Дүниедегі жандының: бірі артық, бірі төменді.

Алма мойын, наз бедеу, құмар жігіт мінеді.

3. Ару ана шал құйрық, бірденді-ау бірге келеді!

Балдағы алтын ақ үйрек, ерденді-ау ерге көнеді.

Қаражал құлан, ақ шұбар су тұнығын біледі.

4. Алғыр бүркіт, мұз бала, асқар тауда түледі.

Алтайы қызыл ақ тамақ, қиашыңда жүреді.

Жігіттің артық абзалы бір

Аллаға сенеді!

5. Қанекей тілім сөйлеші көрсетіп көпке өнерді.

Қызыл тілім жел сөзге туғаннан -ақ шеберді.

Кім тыңдайды сөзіңді болмаса әсем мәнерлі?

6. Басы пұлды болады, болса жігіт өнерлі.

Дүниедегі жандының: бірі артық, бірі төменді!

Алма мойын, наз бедеу, құмар жігіт мінеді.
127,752 сұрақ
322,321 жауап
153,150 пікір
72,777 қолданушы