ТЭТ-терапия
Адам денесінде үздіксіз электрлік құбылыстар болады: ақпаратты нейрондар бойынша жіберу, бұлшық ет талшықтарының қысқарулары; әрбір жасушаның жасушалық мембранасында белгілі электр потенциалы бар және т.б. ауру кезінде бұл үрдістер бұзылады, жүйенің балансы нашарлайды. Электротерапия тізбектің әр түрлі түйіндеріне ынталандырушы немесе тежеу әсерін тигізіп, оның тұрақтануына жетуге мүмкіндік береді.
Электрді емдік мақсаттарда ХХ ғасырдың басында пайдалануды бастады. Әдістің негізін қалаушылар ретінде статикалық электрді зерттеген (оның атымен электротерапияның әдістерінің бірі аталған); зерттеулері электрофорез принциптерін өңдеуге мүмкіндік берген Ледюк және Аррениус; оның атымен аталған ағзаға жоғары жиілікті ауыспалы импульсті токпен әсір ету әдістемесін дамытқан Дарсонваль болып есептеледі есептеледі. Фарадей мен Дюшеннің жұмыстары ТЭТ транскраниальді электротерапияның (электростимуляция, электроұйқы, электроанестезия) негізі болды.
ТЭТ әрекет ету механизмі
ТЭТ емдік әсер механизмінің негізінде - бас миының әр түрлі құрылымдарына импульсті токтармен әсер ету. Осындай әсер ету зақымданған нейрональды жүйелерге тікелей емдік әсір тигізеді, бас миы қабығының және қабық астындағы құрылымдардың функционалды күйін жақсартады, ішкі органдарды, гормондық жүйе және зат алмасудың түрлерін реттейтін әр түрлі орталықтардың жұмысын үйлесімдейді. ТЭТ жанама түрдегі емдік әсері рефлекторлы деп аталады және ағзаның әр түрлі органдары мен жүйелерінің функционалды күйін тұрақтандырады, жалпы жұмысқа қаблеттікті жақсартады, психикалық функцияларды қалыпқа келтіреді, психологиялық асыра жүктеулерді және тәуелділіктің әр түрлі түрлерін жояды.
Емдеу үшін көрсетілімдер: невроздар, I және II ст. гипертониялық ауру, алғашқы артериалды гипотония, жүректің ишемиялық ауруы (I дәрежедегі коронарлық тапшылық, стенокардияның сирек ұстамалары, миокард инфарктынан кейінгі реабилитация кезеңінде болса), аяқ-қолдар қан тамырларының облитерлейтін аурулары, бастапқы кезеңдегі бас миы қан тамырларының атеросклерозы, демікпе, асқазан мен аш ішек жарақаты (нео ауыр формалары), неврастения, психастения, ұйқы бұзылуы болған жағдайда ревматоидты артрит; көлемді каверналар, мол қақырық бөлінуі және қатты жөтел бомаған жағдайда өкпе туберкулезі легких, фантомдық ауырулар синдромы, бас сүйек жарақаттары, жарақаттан кейінгі энцефалопатия (арахноидит болмаған жағдайда); белсенді медикаментозды емдеуден кейін астенизация кезеңіндегі шизофрения: асқазан, жіңішке ішектер, өт қабы резекциясына қатысты операцияға дейінгі және кейінгі кезең; күю ауруы, жіліншіктердің трофикалық жаралары, диэнцефальды синдром (вегетативтік-қан тамыр формасы), кене энцефалитінің салдары, көздің ішкі тор қабағының қабатталуы болмағанда глаукома, экзема, нейродермит, ревматикалық хорея, энурез, тұтығу, есту жүйкелерінің невриті, тербелмелі ауру, қалыпқа келу кезеңіндегі түбегейлі емделген онкологиялық науқастар, глоссалгия, стоматит, парадонтоз, периодонтит, жүкті әйелдерді босануға дайындау.
Қарсы көрсетілімдер: токқа төзбеу (діріл сезіміне жетудің мүмкінсіздігі), көздің қабыну аурылары (конъюнктивит, блефарит, иридоциклит), көздің ішкі тор қабағының қабатталуы, бет терісіндегі экзема және дерматит, неврозтың қозба формасы, жарақаттан кейінгі арахноидит, сонымен қатар науқастың ауыр жағдайы (жоғары безгек, жүректің, мидың декомпенсацияланған ишемиялық ауруы, асыра кеткен жалпы атеросклероз, ПБ—III стадиясындағы гипертониялық ауру, II—III дәрежедегі қан айналымының жеткіліксіздігі).
Дозиметрия: тұрақты импульсті токпен әсер ету қарқындылығы ток күшінің амплитудалық шамасы бойынша дозаланады және науқасқа 3-5 тен 10 мА дейінгі шектерде белгіленеді. Бірінші 2-3 шараның ұзақтығы 20-30 мин, кейінгілерінің – 1-2 сағ. дейін (сирек жағдайларда 3-4 сағ.) құрайды. Шаралар күн сайын немесе аптасына 4 рет (бір күн демалыспен екі күн қатарынан) немесе күн ара орындалады. Әдетте оларды таңертеңгі, түскі астан 1-2 сағ. кейін немесе түнгі ұйқы алдында бастайды. Емдеу курсына 10-30 шараны белгілейді.
Транскраниальді электростимуляция (ТЭС-терапия) – инвазивті емес стимуляцияның көмегімен емдеу әдісі. ТЭС мидың эндогенных опиоидных пептидтерінің (ЭОП) жүйесін, ең алдымен, b-эндорфинін бас тері үсті электродтары арқылы берілетін импульсті электр әсер ету көмегімен іріктемелі (таңдаулы) белсендетеді. ТЭС-терапия кезінде көрсетілген іріктеуге жету үшін екі негізгі принципті сақтау қажет: ток қолдануының бағыты (маңдай – еміздік тәрізді өсінділер) және оның ЭОП қатысты резонансты сипаттамалары. ЭОП ағзаның нейро-иммунитеттік-эндокринді жүйесінің қызметін реттейтін ағзаның өте маңызды жүйесі болып табылады. Тек импульсті токтың сипаттамаларының өте тар диапазонында ғана ЭОП жүйесінің таңдаулы және жаңғыртылатын активациясы жеткізілетіні анықталған. Эксперименттік-патологиялық үлгілерде (жануарларда) шынықтырылған тәртібі бар ТЭС-терапия зақымдалған ұлпалардың репаративті регенерациялау үрдістерін ынталандыратыны, айқын көрсетілген анальгезияны шақыратыны, қан тамырлары реттелуын тұрақтандыратыны, имплантацияланған ісіктердің өсуіне қысым көрсететіні, иммунитетті ынталандыру әсерін шақыратыны, эксперименталды алкогольді абстиненцияны жоятыны, ағзаның өзгеше емес резистенттілігін жоғарылататыны және т.б. анықталған.
ТЭС-терапияның келесі негізгі әсерлері клиникалық дәлелденген:
• психофизиологиялық статусты тұрақтандыру, стресске қарсы және депрессияға қарсы әсерлер, жұмысқа қабілеттілікті арттыру, ұйқыны қалыптау, шаршағыштықты төмендету, көңіл-күйді көтеру, жалпы өмір сапасын көтеру;
• репаративті әсер: ұлпалардың барлық түрлерінің әр түрлі генездегі зақымдануларының жазылуын тездету, оның ішінде тері және шырыштылардың кемістіктері, гепатоциттердің, шеткі жүйкелердің, дәнекер ұлпалардың регенерациясы;
• ауыру синдромын медикаментозды емдеу нәтиже бермеген жағдайларда да нәтижелі ауыртқызбаушылық. b-эндорфинінің әсері морфин әсерін 30 ретке жуық асатыны белгілі.
• вегетативті реттеу үрдістерін тұрақтандыру, қан тамырларының тонусын тұрақтандыру, артериалды қысымды қалыптандыру;
• иммунитетті ынталандыру;
• iсіктердің өсуін тежеу, онкологиялық науқастардың өмірлерінің сапасын жоғарылату;
• абстинентті синдромдарды азайту, алкоголизмді, токсикомания мен опиатты нашақорлықты емдеу кезінде абстиненттен кейінгі аффектті бұзылуларды жою, алкоголь мен есірткіге патологиялық әуестікті жою;
• қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсерлер;
• басқа, оның ішінде, медикаментоздық емдеудің нәтижелілігін арттыру.
ТЭС-терапияның барлық әсерлері жүйелік сипатта (ЭОП белсенділігіне байланысты), сондықтан бір уақытта және кешенді байқалады. Осыған байланысты ТЭС-терапиянің оның гомеостатикалық бағыттануын анықтайтын қолдануға кең көрсетілімдері бар. Барлығы ТЭС-терапияны қолдануға 100 артық көрсетілімдер зерттелген.
ТЭС-терапияға қарсы көрсетілімдер: электродтарды қосу орындарында терінің зақымдануларының пайда болуы, бас миының жарақаттары және ісіктері, дірілдеген күйлер және талма ауруы, үшкір сатыдағы гипертониялық криз, гипертиреоз, енгізілген кардиостимуляторлардың болуы, 5 –ке дейінгі жас шамасы.