Мәшһүр Жүсіп Көпеев ағайын өлеңі қажет?

0 дауыс
2.7k қаралым
Мәшһүр Жүсіп Көпеев ағайын өлеңі қажет?
• Санаты: Қазақ тілі | 2.7k қаралым

1 жауап

0 дауыс
Жігіттер, жақсы қайда өнер шашқан,
Жүдеген ғаріптердің көңілін ашқан,
Анау озық, мен кейін қалам ба деп,
Көз салып бірін бірі шамаласқан?
Сүрініп ат аяғы кетер болса,
Дұшпан түгіл, досың да табаласқан.
Бұл жұртта сұмырай нәрсе толып жатыр,
Өтірік, ұрлық, өсек араласқан.
Өңшең сәурік, теке мен бұқашықтар
Бір-бірін сүзіп, жаншып, жараласқан.
Жақсыны өзі болған көре алмаған,
Өрт қойып жан-жағынан қамаласқан.
Ақылшы шықты бізге үй басынан,
Данышпан ойы зерек, жұрттан асқан.
Биге-пара, байларға-өсім болды,
Бой тартқан, арамдықтан бар ма қашқан?
«Сен кімнен қорқасың!» деп жел береді,
Кісі жоқ «қой» дейтұғын, жұртты басқан.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
5 жауап
127,939 сұрақ
322,826 жауап
153,169 пікір
72,940 қолданушы