+2 дауыс
510 көрілді
Бензин неге тапшы болып жатыр бағасы көтеріле ма?

5 жауап

+1 дауыс
2015 жылға дейін көтерілмейді деп ойлаймын. Үш-төрт күндік баға секірісі болуы мүмкін. Бірақ АИ-92 - 128 теңге деген өз қалпына келеді. Екі-үш күн бұрын Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин бензин мен дизельді отынның қазіргі бағасы сақталады деп айтты. Енді сол уәдені тым болмаса 2-3 ай ұстап тұрады.
+1 дауыс
Әзірше АИ-80 маркалы бензин мен дизтопливоның бағасы тұрақты болып тұр. Ал АИ-92 маркалы бензиннің бағасы әлі де көтерілетіні белгілі болып отыр. Елімізде тағы да 2-3 мұнай өңдеу заводтары салынбаса, онда бензиннің қымбаттауы мен тапшылығы тоқтамайды.
+1 дауыс
Бағасы көтерліп кеткелі қанша болды, қашан арзайды сол маңызды болып тұр. жыл сайын көтеріледі бірақ қайта түспейді кейін бір айлыққа бір литр бензин ұуйймасак жарар еді
+2 дауыс

«Бензин бағасы өсті». «Бұл не деген масқара, өзіміз мұнай өндірушымыз, жанармай жоқ». Әлеуметтік желілерді ақтарсаңыз осындай пікірлер көп. Көлігі бар екінің бірі жанармайдың жоқтығы мен бағаның өсуіне наразы. Айыптау біреу, мемлекет неге реттемейді? Тоқтаңыз. Айыптауларды азайтып, мән-жайға байыппен қарайық. Мемлекет жағдайды барынша реттеп отыр. Мемлекет те бензин тапшылығын қолдан жасауға құлықты емес. Өйткені әлеуметтік ахуалдың ушығатынын біледі. Ендеше жанармай тапшылығы қайдан пайда болды? 

Алдымен ішкі нарықтағы жағдай

Қазақстан жыл сайын 80 млн. тонна мұнай өндіреді, оның  15 млн. тоннасы Атырау, Павлодар, Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыттарына жіберіледі. Бұл біздің зауыттар өңдей алатын ең шекті көлем. (Бұдан артық өңдеуге зауыттардың өндірістік қуаты тек 2016 жылы ғана зауыттарды қайта жасақтаудан кейін ғана мүмкін болмақ). Тамыз айында отандық зауыттар өндіріс жоспары бойынша АИ-92 маркалы бензиннің 208 мың тонна, дизельдік отынның 415 мың  тоннасын өндіру қажет болған. Ал, бұл айда нарықтағы тұтыну көлемі АИ-92 бойынша 287 мың тонна, дизелдік отын 415 мың тонна. АИ-92 бойынша жетіспейтіні 79 мың тонна. Жалпы жыл сайын біздің зауыттар  1,9 млн.тонна АИ-92 маркалы автобензин мен 4 млн. тонна дизель отынын өндіреді. Ал, тұтыну мөлшері  жыл сайын шамамен 2,8 млн.тоннаны және дизель отынын тұтыну 4,6 млн. тонна. Жетпейтін жанармай үшін Ресейлік жанармайға тәуелді болатынымыз түсінікті.

Импорт Ресейден

Бұрын бензинді Ресейден ешбір кедергісіз әкелуге болатын. Яғни әрбір жеке оператор (жеке компаниялар) қанша сатып алатынын, сататынын өзі білетін. Соңғы үш жылдан бері жағдай өзгерді. Ресей жағы Қазақстанға отынды әкелу кезінде жоғалатын пайданы өтеу мәселесін көтерді. Себебі қазақстандықтар бензинге баж төлемейтін. Ресей мамандарының есебі бойынша, бұдан Ресей жағы  шамаман жыл сайын 580-600 млн. доллар көлемінде шығын шегіп отыр. Ресейдің бұл талабынан кейін мұнай өнімдерін тасымалдау арнай индикативті баланспен реттелетін болды. Индикативті баланс дегеніміз - екі мемлекет үкіметтерінің жыл сайын қол қоятын арнайы құжаты. Бұл бойынша Ресейден кедендік алымсыз тасымалданатын бензин көлемін анықталады. Бұдан артық тасымалданса экспорттық алым алынады. 2012-2013 жылдары Қазақстанға Ресейден әкілетін бензинге баж салығын мемлекет төлеп келді. Сөйтіп, жеке операторлар үшін АИ-92 бензинінің 1 тоннасы 600 доллардан болса, мемлекет үшін 940 АҚШ  долларынан келді. Салмақ мемлекетке түсетін. Мемлекет бұл қадамға амалсыз барғаны түсінікті. Егер баж салығын мемлекет өзіне алмаса қазақстандықтар үшін бензин тоннасына $330-350 қымбаттар еді. Әрине артық алымды мемлекет төлеп отырған соң, жеке компаниялар сатып алу мөлшерін кемітпейтіні түсінікті. 2014 жылдың балансы  АИ-92 бойынша 670,8 мың,  дизельдік отын бойынша 470 мың тонна белгіленген. Алайда, биылғы мамыр айының өзінде жеке компаниялар шекті мөлшерден 100 мың тонна артық тасымалдаған. Мемлекет бұл жағдайды реттеу үшін «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС-ін бірыңғай оператор тағайындады. Ендігі жерде жеке операторлар сұраныс көлемін осы бірыңғай оператор арқылы өткізуі тиіс. Алайда маусым айында жеке операторлар келесі айға жеткілікті сұраныс бермеген. Яғни «No 1 отын қауымдастығы» мүшелері болып табылатын бөлшек сауда нарығының қатысушыларынан ҚМГӨ атына РФ-ден импортталатын мұнай өнімдерінің көлемін сатып алуға мүдделілік таныту туралы өтініштері келіп түспеген. Өйткені қордағы жанармай көлемі сұраныстан көп. Шілде, тамыз айларында маусымдық жұмыстардың салдарынан жанармайға сұраныс артатыны түсінікті. Жанармай нарығындағы тапшылықтың бір себебі осы.

Тапшылыққа тағы бір себеп, Ресейдің Ачинск МӨЗ-дегі авария салдарынан РФ ішкі нарығында мұнай өнімдері қоры төмендеді. Бұл Ресейдегі бағаның өсуіне әкеп соқтырған тағы бір фактор болды. Артынша  РФ ФАС  бензин экспортын шектеді. Бұл

Қазақстандағы  бензин тапшылығының тағы бір себебі.

Ресейде мұнай өнімдері нарығы мемлекет тарапынан реттелмейді. Сондықтан жеке нарықта бензин бағасы соңғы жылдары ұдайы өсуде. Мысалы: қаңтар-ақпан айларында литрі 147 теңге болса, наурыздан маусымға дейін 151-ден 165 теңгеге дейін көтерілген. Аргус Медиа-ның зерттеуі бойынша  2014 жылдың тамыз айында Қазақстандағы МӨЗ-да бензиннің көтерме бағасы тоннасына 591 $ құраса, Ресейде 670 $ болған. Бұл көрсеткіштен-ақ жанармай бағасының тиімсіздігі байқалды. Мемлекет нарықтық тепе-теңдік үшін 22 тамызда АИ-92  бойынша бағаны 128 теңгеге көтеруге мәжбүр болды.

Мұнай өнімдерінің бағасын әлемдік нарық белгілейді. Әлемдік мұнай котирвокалары бойынша АИ-92 134 тенге/л, дизельдік отын– 122 тенге/л құрауы керек. Кейбір сарапшылар бензин бағасы нраықтық өлшем бойынша 170 теңге болуы керек деседі. Қазақстан бұл ретте де жанармай бағасын барынша қолайлы етіп ұстауға тырысып отыр.

Жанармай тапшылығы қашан шешіледі?

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» нарықты реттеп, жанармай тапшылығын азайту үшін барын салуда. Экономикаға кері әсері мен шығындарға қарамастан тамыз айында Ресейлік «Башнефть», «ЛУКОЙЛ» сынды компаниялармен қосымша 34 мың тонна мұнайөнімдерін жеткізу туралы келісімге қол қойылған. Мұның ішінде жеткізілуі тиіс 10 мың  тонна АИ-92-нің 6,2 мыңы Қазақстанға қарай жіберілген. Қазіргі кезде «Газпромнефть», «Гелиос», «ҚазМұнайГаз» компанияларының жанармай тиелген вагондары жолда көрінеді. Демек алдағы бір-екі аптада мәселе шешілуі тиіс.

Баға өсе ма?

Қазіргі кезде ресейлік трейдерлер Ресейдің куропалық және оңтүстік бөлігінде мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстары салдарынан тапшылық байқалуы мүмкін деген болжам айтып жатыр. Бұл өз кезегінде реттелмейтін ресей нарығында бензин бағасын көтеруге әкелуі мүмкін. Бұл да қазақстандық нарыққа әсер ететіні түсінікті. Жақында Энергетика министрлігнің өкілдері қазіргі баға соңғы баға еместігін мәлімдеді. Нарықтағы жағдаймен бағамдасақ бүгінгі бағаның тәуір екені түсінікті.

Ресей жанармайына тәуекел қашан азады?

Отандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңарту жұмыстары аяқталмайынша, өкінішке орай, жағдай өзгеріссіз қалатынын Энергетика министрлігінің өзі мәлімдеп отыр.  

Не істелуде?

Отандық МӨЗ  өндіретін бензин көлемі ақырындап ұлғаюда. Мысалы: былтырғы жылмен салыстырғанда өткен 6 айда 17,4% артық бензин өндірілген. Егер зауыттар модернизацияланса өндіріс көлемі тағы артады.

Бізден кеңес!

Үнемді көліктермен жүруге үйреніңіз. Автокөлігіңіз болса бензиннен газға көшіңіз.

http://massaget.kz/blog/12237

0 дауыс
Менің ойымша бензин бағасы енді көтерілмейді
...