+1 дауыс
403 көрілді
Биыл 1-курспын сентр кредиттен карточка алғалы жатырмын, соған Maestro мен Visa Electron-ның қайсысын алсам болады? Не айырмашылық екеуінде?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Карточка алғанда мейлінше Visa Electron алуға тырыс. Visa Electron артықшылығы пайыз бағасы өте жоғары емес. Осы карточканың көмегімен алдағы уақытта интернеттен киім-кешек немесе т.б. көптеген интернет төлемдерді жасауға болады. Алдаңы уақытта шет елге шығатын болсаңыз Visa Electron карточкасы арқылы кез-келген банкоматтан ақша ала беруге болады. 

Одан бөлек өзіміздің елдегі асхана, кафе, басқа да сауда орындарында арнайы апараттары болса карточканың көмегімен төлеп кете беруге болады.

Бұл карточкалар халықаралық төлем карточкалары болып табылады. Құнының төмендігі мен қамтамасыз етудің жоқтығы бұл карточкаларды ұстаушылар үшін аса қолжетімді етеді. Осы карточкалар бойынша банкоматтардан қолма-қол ақша алады және Visa/Visa Electron логотиптері бар сауда-сервис кәсіпорындарында есептеседі. Мұндай карточкалар бойынша операциялар тек қана электронды құрылғылар арқылы, яғни банкоматтар мен POS-терминалдар көмегімен жүзеге асырылады. VISA Electron, VISA Electronкарточкаларын ұстаушыларға банктік шоттағы жеке қаражаттары шегінде қызмет көрсетіледі.

Өзім Казкоммерцбанктің Visa Electron карточкасын қолданамын. Әзірге өкпем жоқ. Карточкадан ақша аларда 1 пайызды құрайды. Интернет төлем, т.б. сауда-саттықтардың барлығын осы карточка арқылы жүзеге асырамын. Егер қауіптенетін болсаңыз 3D Secure қосымшасын орнатып, өзіңіз ғана білетін пароль орнатып қойыңыз. Карточка ақпаратын енгізіп төлем жасағанда 3D Secure қосылып сіз екендігіңізді растау үшін өзіңіз білетін парольді сұрайды. Егер сіз қате терсеңіз төлем жүрмей қате шығады. Яғни сізден басқа үшінші адам карточканы қолдануы үшін жасалған іс-әрекет.

Ал Maestro келетін болсақ оның шектеулері бар. Барлық банкоматтан ашқа шешіп ала-алмайсыз.

Бір күнде 300 000 теңгеден қаражат алуға болмайды дегендей..

+1 дауыс
Оку орны ози ашып береди. Visa дурыс болады. Айырмашылыгы maestroны кейбир онлайн терминалдар кабылдамайды.
+1 дауыс
маестро жақсы, көбісі соны алады,
...