+1 дауыс
709 көрілді

Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде кезекті ерегіс орын алуда

Редакцияның қарамағында жоғары қызметтегі әскери шенеуліктер тобы бір израильдік компанияның мүдделерін ұстанатыны туралы кейбір құжаттардың көшірмелері бар.

Радиобайланыс, медицина, әміршіл-штабтық машиналар және жаттықтырушы үлгілер саласындағы жаңа зерттемелер біздің әскерге жаңа күш беретіне еш күмән жоқ. Дегенмен бұл мәселенің басқа жағы да мәлім: израильдықтармен біздің әскери мамандар бірігіп жұмыс жасаған кезде соңғыларына біздің мемлекеттік құпиялармен бөлісуге тура келеді. Мұнда әңгіме қытай жасырын тауарлары туралы емес, мұнда әңгіме елімізді қорғау қабілеті туралы орын алуда. Ал таяу шығыстағы серіктестіктеріміз (мемлекеттік қорғаныс тапсырысы – құпия сала, осы саладағы құжаттарға сәйкесінше таңба қойылады) мұндай мәліметтерді қалай қолданатыны қызығушылық тудыруда...

Дегенмен ең қызығы – осыдан төрт жыл бұрын сол кездегі қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қажымұрат МАЕРМАНОВ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен ұсталған болатын. Ол израильдық компанияның пайдасына қарай билігін теріс пайдаланды, пара алды, қызметтік өкілеттіліктерін асыра қолданды деп айыпталған және 14 жылға сотталған болатын. Израиль азаматы Борис ШЕЙНКМАН ірі алаяқтық үшін 11 жылға сотталды. Сондағы жоғары қызметтегі әскери генералдың үстінен қылмыстық істі қозғау себебі – Қазақстанның Қорғаныс министрлігімен израильда өндірілген әскери техниканы сатып алу. Еске салатын болсақ, 2008 жылдың күз маусымында Борис Шейнкман басқарған «Солтам» және «Аэронавтикс» компаниялары Қазақстанға ұшқышы жоқ ұшу аппараттарын жеткізген болатын. Тергеу барысында келесі жәйт белгілі болды: израильдықтар 300 миллион доллар сомаға елімізге ескірген жабдықтарды қасақана жіберген болатын, осының бәрі Шейнкман мырзаны алаяқтық жасады деп айыптауға түрткі болды.

Соттың үкімі шыққаннан кейін және айыптылар өз жазасын  алғаннан кейін Маерманов, Шейнкман мырзалар және екі израильдық компаниялардың қандай қатысы бар деген сұрақ туындауы мүмкін?

Әңгіменің бәрі мынада, осы мақалада сөз қозғалатын кезекті израильдық компания Elbit Systems 2009 жылдың жаз маусымында көне жабдықтармен жабдықтаған «Солтам» компаниясының миноритарлық акционері атанды. Осы жолы Elbit Systems өнімдері Қорғаныс министрілігінің әскери дайындық департаментінің бастығы полковник Хайролла ИЛЬЯСОВТЫҢ назарын аудартты. 2014 жылдың 5 мамырындағы ҚР күштік құрылымдары үшін оқу-жаттығу құрылғыларын өндіруге мамандандырылған кәсіпорынның бастығына хазылған өз хатында  полковник ашық түрде  «лазерлі технологияларды қолданып соғысты жүргізуге оқыту жүйесінің жаңа технологияларын көрсетумен байланысты Elbit Systems компаниясымен бірігіп жұмыс жасау туралы мәселені қарастыруды» сұрайды. Бұдан ертерек полковник Ильясов Қорғаныс министрлігінің материалды-техникалық қамту Бас басқармасының бастығының атына жазылған рапортында отандық компаниямен келісімді бұзуды сұрапты. Мұндағы қызықты жәйт: нақты осы кәсіпорынның басшыларынан Хайрулла Ильясов израильдық компаниямен «ынтымақтастық туралы мәселені қарастыруды» сұрайды.

Ал Thales Engineering Kazakhstan  компаниясына қатысты өкінішті тәжірибе бар, мұнда мемлекет өндірістік алаңды құру, оны жабдықтау және қызметкерлерді оқыту үшін жүздеген миллион теңгені жұмсаған. Компания екі жылдың ішінде ҚР Қорғаныс министрлігінің қажеттіліктері үшін 2 миллиард теңгеден астам өнімдерді өндіріп келді. Бірақ, ҚР ҚМ Бас байланыс басқармасы арқылы едәуір жұлдызшалары бар генералдың шешімімен Elbit Systems белгілі компанияның қатысуымен Delta-IT балама топ пайда болды.  

Нәтижесінде екі жылға жетпей қызмет атқарған өскелең Thales Kazakhstan Engineering компаниясы өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болды, бұл жағдай біздің әскеріміздің қорғаныс қабілетіне өз септігін тигізді.

Тап сол кезде, көне әскери техниканы жаңартумен айналасатын тағы бір отандық компания “НПП АСКБ Алатау” ЖШС екі жылдың ішінде әміршіл-штабтық машиналарды тапсыра алмауда және Elbit Systems компаниясымен байланысты  Delta-IT байланыс жүйесін әлі де орната алмады.

Қазақстанның аумағында өндірістік алаңға ие болған және технологиялық үрдістің толық циклін енгізген белгілі белорус компаниясы да осындай жағдайға ұшырады. Осы компанияның өнімдері ағымдағы аналогтардан бірқатар жоғары екендігі құпия емес. Дегенмен осы фирма медициналық жобаға біріктіру үшін сол аталған және армандаған жерінде емделу курсынан өтетін генералға ыңғайсыз болып шықты. Және де осының бәрі еліміздің қорғаныс ведомстволарында бұрыннан және табысты әрекет етіп келе жатқан қу сұлбалардың бер шеті ғана.

Құжаттаманы жүргізуден отандық өнімдерді шығаруға дейінгі сыртқы факторлар әсер етпейтін, толық технологиялық циклге ие компания ғана осы сұлбалардың қалыптасуына тосқауыл қоюы мүмкін. Тағы да маңызды жәйт, бөлінетін барлық бюджетті құралдар Қазақстанда игерледі және таяу шығыстағы және еуропалық мемлекеттердің оффшорлы шоттарына кетпейді. 

Өндіруші компанияның қызметкерлерінің пікірінше, кәсіпорын Elbit Systems  компаниясымен бірігіп жұмыс жасаудан бас тартқаннан кейін қиыншылықтар туындай бастады және өз дәлелдемелерін келтіруде.

Полковник Ильсовтың израильдық компаниямен ынтымақтастық құру туралы хаты жарық көргенге дейін өндіруші жыл сайын бірнеше тәуелсіз мекемелер тексеріп отырды және олар ешқайндай күрделі бұзушылықтарды анықтаған емес.  Полковник А.АЙТМУХАНОВ бастаған қорғаныс ведомствосының қарамағындағы әскери комиссияның мүшелерінің тексеру нәтижелері бойынша актіде келесі мәлімет бар.  

Қорғаныс министрлігі комиссиясының актісінен

«ЖШС-ң негізгі тұтынушылары болып Қорғаныс минитсрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, шекара қызметі, ішкі істер министрлігі, Республикалық гвардия және ТЖМ табылады. 2012-2013 жылдары кәсіпорынның негізінде нысана ату, коммутациялық жабдықтарды пайдалану, оқ ату және динамикалық жаттықтырушы құралдарды басқару және пайдалану ережелерін 127 әскери қызметкерлер оқып шықты. Кәсіпорын сериялық өндірістегі тұйық технологиялық тізбек үшін жабдықтармен, механикалық және климаттық сынауларды өткізу үшін зертханамен, бірнеше цехпен және дайын өнм мен логистика қоймаларымен жабдықталған. Қолдағы бар  өндірістік база және кадрлық әлеует ЖШС-ге мемлекеттік қорғаныс тапсырысты орындауға мүмкіндік береді...».

Тағы бір ұқсас құжатқа Алматы гарнизонының әскери прокуратурасының қызметкерлерімен қол қойылған. Олардың бес беттегі қорытындыларында ... ҚР еңбек кодексіне қатысты бұзушылықтар туралы ақпарат бар. Оның ішінде: бас директор қауіпті және зиянды еңбек шарттарында жұмыс істейтін қызметкерлерге қосымша демалыс бермеген және оларға арнайы қысқартылған күн тәртібін орнатпаған. Иә, әрине еңбек кодексі бұзылған. Дегенмен, бұндай бұзушылықтар оңай жойылады және шығарылатын өнімнің сапасына әсер етпейді.

«Сатып ал-сат» дәстүрлі сұлбасы бойынша жұмыс істемейтін, ал әскери, чекисттердің, полицейлердің, құтқарушылардың, шекарашылардың және гвардейцтердің қажеттіліктері үшін ерекше техниканың өндірісін ретке келтірген кәсіпорын қорғаныс ведомстволарының жеке шенеуліктерінің жазасына неге түсті?

Мәселе мында, қорғаныс министрлігінің кейбір аға офицерлері осы тапсырыстан өздеріне үлес тимейтінің түсіне отырып, фирманы алақол жабдықтаушы ретінде шығаруда. Ал осы уақытта бірнеше шетел (сол израильдық) компанияларын жұмысқа тартуға болады. Ал шетел компаниялары әкеліп жеткізетін техника көп жағдайда жұмысқа қабілетті емес екендігіне көз жұмады.  Және де израильдықтардың қорғаныс ведомстволарына бейресми визиттеріне де көз жұмады.

Ойлануға тағы бір ақпарат: Қорғаныс министрлігіндегі жоғары қызметтегі бір генерал үнемі армандаған жеріне емделуге ұшып келіп-отыруда. Яғни, жоғары қызметтегі шенеулік қорғаныс ведомствосының азаматтық министрлерін өзінің жүру қимылдары туралы хабарландырмайды? ҚР Қорғаныс министрлігінің бейресми бұйрығы бойынша әскери қызметкерлерге емделу үшін шекарадан тыс баруға тыйым салынған. Тағы бір маңызды мәселе: осы ұшып баруларды және емхананың қызметтерін кім төлейді? Сіз, әрине, сұрайсыз: осы генерал отандық медицина көмек көрсете алмайтын қандай ауруға шалдыққан? Бұл туралы хабар жоқ. Тағы бір қызық: генералдың әр барып қайтқан сайын қорғаныс ведомстволарының кулуарларында әскери техникамен, оқу жаттығу құралдарымен, қару-жарақпен жабдықтау сияқты және т.б. өз қызметтерін ұсынатын израиль компанияларының өкілдері пайда болатын.  Қалайша біздің шенеуліктеріміздің жадысы қысқа ма, генерал Маермановтың үлгісі оларға сабақ болған жоқ па?

Және соңында ең бастысы. Осы күндерде Бас әскери прокуратураға Қорғаныс министрлігінің кейбір жеке жоғары қызметтегі шенеуліктерінің әрекеттерінде ҚР заңдылығына қайшы келетін қимылдар бар екендігі туралы хат келіп түсті. Әсіресе «Мемлекеттік қызмет туралы»  заңына қайшы келетіні туралы ақпарат бар, заңда лауазымды тұлғалар отандық кәсіпкерлерге өнідіріспен айналасуға кедергі келтіретін кәсіпкерлік немесе басқа қызмет түрімен шұғылдану үшін қандай да бір тұлғаларға көмек көрсетуге құқығы жоқ екендігі айтылған.

Әскери прокурорлар жоғарыда аталған сұлбалардың айла-әдістерін айқындауға мүмкін екендігіне сенім артықымыз келеді.

… Ал енді соңғы штрих. Мүмкін заңды, объективті басты шешім отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау шарасы шығары? Мұнда «өз әскеріңді асырмасаң, сен басқа әскерді асырайсың...» екендігін ұмытпау керек.

P.S.

Жақында сенаторлар - әскер генералы, бұрыңғы қорғаныс министрі және Қазақстан Парламентінің Халықаралық қатынастары, қорғанысы және қауіпсіздігі туралы комитеттің басқа да мүшелері оқу-жаттығу жүйелерін өндірумен айналасатын кәсіпорынға барып қайтты. Өз қорытындыларын парламентарийлер премьер-министрдың атына жазған хатында анықтады. Өкінішке орай, зауытта көргендерінен сенаторларда қалған қуанышты сипаттау үшін газетті ауқымы жетіспейді. Ең бастысы, олар бір ауыздан осы кәсіпорынның күштік құрылымдар мен мемлекетке тиетін едәуір пайдасы туралы айтты. 

http://www.time.kz/articles/strana/2014/09/18/voennaja-tajna

1 жауап

+1 дауыс
"Балық басынан шіриді" деген осы ғой енді. Қолында билік барлардың ар-намыстарын саудаға қойып, жеке басының баюымен айналысқаннан басқа тірліктері жоқ.
...