0 дауыс
573 көрілді

Мен шетел қазакша сөйлеушімін және осы сұраққа достарым жауап бермей қалды.  Сол себепті басқа сөйлеушілерге қояйын деп едім.

Жалпы, сұрақ көмектес септікпен кұрастырған кезде, әрдайім сұрақ жіңішке болады ма (себебі мен/бен/пен әрдайым жіңішке), немесе соңғы сөзінің негізгі жуандығына байланысты жазылады?

Мысалы, адамдар тауға барады.  Біреу мотоциклмен барады.  Тағы біреу ерте шығып, тауға жаяу жүреді.  Біреу маған атпен келіп “Кеттік” айтса, менің “Атпен бе?” сұрауым бола ма?  Баска жағдай болса, кісілер ауылдан калаға барып жоспар жасағанда, олардың баратындары туралы “Арбамен бе?” сұрасам жарай ма?  

Егер жараса, сұрақ қалай жазылуы дұрыс?  Арба деген сөз жуан болып, “ба” сұрақ түрі болу керек пе?  Немесе, “мен" арба сөзінің аяғында қосылғандықтан “бе” деген түр дұрыс?  

Мен осындай сұрақ түрі естіген жоқпын.  Бұл түр жатады ма қазакша?  Қазактар қолданады ма?  Осындай сөйлем-сұрақ өте аз пайдаланады ма?

Рахмет.

 

 

 

 

2 жауап

+2 дауыс

Сіздікі дұрыс, көмектес септігі кіммен?, немен? (көпше түрі кімдермен?, нелермен?) деген сұрақтарға жауап беру керек. Және -мен, -бен, -пен деген жалғаулар арқылы айтылады. Бұл жалғаулар жіңішке болғандықтан сұрақ қойғанда -бе? әрқашан қолданылады. 

Әрине қазақ тілділер күнделікті акуыз-екі тілде де, әдеби тілде де қолданады

0 дауыс
"Арбамен бе?" деп жазылады, бірақ күнделікті тірлікте "Арбамен ба?" деп дөрекі түрде қолданыла береді.

Тауға арбамен бе, мотоцицлмен бе, тікұшақпен бе, қайсысымен барсаңыз да еркіңізде, тек сөздің соңғы буыны жіңіщке болса шылау да жіңішке болады (бе, пе).
...