0 дауыс
1.2k көрілді
Асхат Тарғынов Мария магдалена әні маған жалпы ұнады. Бірақ кейбір сұрақтар маза бермей жатыр: Мария Магдалена кім және чипчип деген не?

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Мария Магдалена деген кім?

 Осы ондықтың көш басында Асхат Тарғынов орындайтын «Мария Магдалена» әні тұрғанын тойшыл қауым жақсы біледі. Тіпті тойға бармайтындар да «Мария Магдаленаның» хит екенінен хабардар. Өйткені биылғы той маусымында «Мария Магдалена» әнініне «құлағымыздың құрышы қанғаны» соншалық, екінің бірі осы әнді ыңылдап айтып жүреді.«Алаш айнасы» жұрттың бәрін билеткен әнге арқау болған Мария Магдаленаның кім екенін анықтауға тырысып көрді. 

Шіркеу тарихына қатысты деректерді ашып қалсаңыз, міндетті түрде Мария Магдалинаның аты аталады. Жалпы соңғы он жылдықта әлемдегі жазушылар тарапынан да Мария Магдалинаға деген қызығушылық арта түскен. Кейінгі кезде осы бір жұмбақ бейне туралы біршама шығармалар жарық көрген екен. Әсіресе атақты Код да Винчиден кейін Мария Магдалена Исустың құпия әйелі, баласының анасы ретінде әлем жұртышылығын қызықтыра түсті. Заманауи жазушылардың бірі Мария Магдалинаны «Евангелия құдайы» десе енді біреуі «Исустың әйелі», тағы бірі Христиан дінінің негізін қалаушы әйел деп оны апостолға теңейді. 

Інжілде Исус Христостың анасынан кейін Мария Магдалеаның аты жиі кездеседі екен. Кейбір деректерге қарағанда Исус Христос жеңіл жүрісті әйелдің бойынан жеті шайтанды қуып, оны тазартқан, содан кейін Мария Исустың қасынан бір елі қалмай, оның айтқандарын бұлжытпай орындайтын сүйікті әйеліне айналған деседі. Бірінші ғасырда әйелдерге Мария деген есім жиі қойылған. Сондықтан Мария Магдалена сол замандағы көп әйелдердің жиынтық образы болуы мүмкін деген де болжамдар бар. Проваславтық христиандардың түсінігі бойынша ол Христостың өліміне, қайта тірілуіне куә болған әйел, оның өмірлік сенімді серігі деп көрсетіледі. Ал католиктік христиандар Мария Магдалинаны жезөкше, еркектерді азғырушы, тура жолдан тайдырушы, ұры ретінде суреттейді. Бірақ Інжілдегі деректер өте аз және қарама-қайшылықтары көп болғандықтан Мария Магдалинаның кім болғаны әлі күнге жұмбақ. 

Мария Магдалина Мигдал-Эль деген қаланың тұрғыны деген мағынаны білдіреді деген де деректер бар. Ал талмуд мәтіндерінде Мирием – бұйра шашты деген мағына берсе, ежелгі иврит тілінде Магдалина – күнәһар деп аударылады екен. Батыс жазбаларында Мария Магдалинаның Исустың аяғын өзінің шаштарымен сүрткені туралы жазылған. 

Айта берсек, Мария Магдалина туралы аңыз көп. Бүгінде ол туралы талай кітап жарық көрді, фильмдер түсірілді, әндер де жазылған. Мысалы, Ресейдің белгілі әншісі Филип Киркоровтың орындауындағы «Мария Магдалена» әні еркектерді есінен тандырушы әйелдерге арналған. Мария Магдаленаны Филипп Киркоров қалай шырқаймын десе де, қандай клип түсіремін десе де жарасады. Біздің қазақ әншілері де Киркоровтан қалыспай Мария Магдаленаны әнге қосып шырқап жүр. Несі бар, көңілді, ойнақы әнге бәріміз той-томалақта секіріп билеп, мәз болып жүрміз. Мейлі Мария Магдалена жезөкше болсын, болмасын, бізге қатысы қанша? Ең бастысы, Асхаттың әні тамаша, клипі де жаман емес. Ән нашар болса, хит бола ма? Жарайсың, Асхат! Жаңа туылған қыздарға енді Мария есімі берілсе де таңғалмаймыз. Мәриям не, Мария не бәрібір емес пе?

Толығырақ: http://alashainasy.kz/culture/mariya-magdalena-degen-km-54609/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

+1 дауыс
Оның қазіргі орындалып жүрген нұсқасы Мария арман едің деп өзгертілген
+3 дауыс
Мария Магдалина -Исус Христостың ізін жалғастырушы, христиандардың әулие адамы. Бұл өлеңде бірақ осы адам туралы айтылмаған шығар))))
+1 дауыс
Не туралы екенін білмедім, бірақ 100% тойда билейтін ән.
+1 дауыс
Бұл аударылған ән болса керекті, өзм солай ойлаймын.
...