Қыздар неге көп темекі шегіп кетті?

0 дауыс
7.9k қаралым
Қыздар неге көп темекі шегіп кетті?
• Санаты: Тазалық

16 жауап

0 дауыс
Темекі адамзатқа зиян делінгенін біліп тұрып аузымызға аламыз, мұны мойындау керек, себебі темекіні көбіне  оймен жұмыс істейтіндер миын тезірек тынықтыру үшін шегеді. Бірақ, басқа ағзаларымызға зияндығын көріп келеміз. Мен жиырма  бесімде  төрт баламмен жесір қалдым. Жас жесір қалудың қиындығын көп көрдім. М.Әуезов атамыздың "Қаралы сұлуындай" түндер басымыздан өтті. Ұйқысыз түндерде не істерімді білмедім. Бір түні бір стакан арақ ішіп ұйықтадым. Сол күні қатты ұйықтағаным сонша, жұмыстан кешігіп қалдым. Ақыры, дәрігерге бардым. Мен генеколог дәрігерге осы жағдайымды айттым. Сонда менің сырыммен бөліскен дәрігер маған: "арақтан гөрі темекі шеге беріңіз" , әйтпесе қиын болады, немесе бір жақсы азаматпен дос болып, сонымен көңіл көтеріп тұруыңыз керек" демесі бар ма, мен темекіні таңдадым. Содан бері жасырын шегемін. Бірақ, мен темекінің ащы түтінін шіме тарта алмаймын . Бірақ, басым ауырмайтын болды. Тез ұйқыға кетемін.Темекі адамды аздырмайды. қайта семіртеді. Ұмытшақ етеді екен. Мен темекіні қойып қалған едім. Басымнан ауыр жағдай өткен кезде қайта бастадым. Екі күнде бір пашкасын таусып қоямын. Мен жастарға   сонда да темекі шекпеуін сұранамын. Сендердің өмірлерің тағдырға айналған жоқ қой, неге шегесіңдер?! Менің осы бағдарламаны  сүйіп көретінім соншалықты, үйімде қонақтарым болса да, олармен бірге көруге теледидарды қосып қоямын."Өсек айтақнаша, өсиет айтайық!"-деймін.Жақында осы бағдарламаға мен бір мақаламды жолдағалы отырмын. Медицина саласындағы жаңа қылмыстардың көзін қалай ашқаным жайлы және билікке жеткізе алмай жүрген уәждерім жайлы.
127,761 сұрақ
322,325 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы