Мектеп мұғалімдеріне сыйақы төлеуге бола ма?

0 дауыс
981 қаралым

Мектеп мұғалімдеріне сыйақы төлеуге бола ма? Мектепте бухгалтер болып жұмыс істеймін. Үнемделген жалақы қорынан қызметкерлерге мерекелік күндерге сыйақы төлеуге бола ма? 

• Санаты: Заң

1 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 қаулысының 6-тармағына сәйкес, ұйымдардың басшыларына кредиторлық берешек болмаған кезде қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi мемлекеттік мекеменi ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен немесе кредиторлық берешегi болмаған кезде мемлекеттiк басқару органы қазыналық кәсiпорын үшiн бекiткен смета бойынша салалық келiсiмде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушiнiң актiсiнде белгiленген тәртіппен қызметкерлердiң лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгiлеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету құқығы берiлген.

Ұқсас сұрақтар

127,799 сұрақ
322,402 жауап
153,153 пікір
72,836 қолданушы