Қосымша еңбекке қосымша ақы төленуі керек пе?

0 дауыс
598 қаралым
Мен балабақшада медбике қызметін атқарамын және маған күтушілерге еден тазалау үшін хлорды езіп беру міндеті жүктелген. Сол үшін маған қосымша үстемеақы төленуі керек пе?
• Санаты: Заң

1 жауап

0 дауыс

Бұл сұраққа ҚР Денсаулық және әлеуметтiк даму министрлігі

Еңбекті нормалау және еңбекақы төлеу басқармасының сарапшы мамандары былай деп жауап берді: 

–Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысымен реттеледі. 

Қаулыдағы 19-қосымшаға сәйкес, мамандарға, қызметшілерге және жұмысшыларға БЛЖ-ның 22-34 пайызы мөлшерінде ауыр (аса ауыр) қол еңбегімен шұғылданатын және еңбек жағдайы зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстарда істейтін қызметкерлерге төленетін қосымша ақы белгіленген.

Аталған қосымша ақы еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген Еңбек жағдайлары зиянды кәсіптер және қызметтер өндірістерінің, цехтарының тізімі (тізбесі) негізінде белгіленеді.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
11.07.2016 • Санаты: Жанұя Bauka.kz сұрақ қойды
127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы