0 дауыс
331 көрілді
Мен мектепте информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп жүргеніме 12 жыл болды. Жоғарғы санатым бар. Диплом бойынша мамандығым математика және физика пәнінің мұғалімі. Енді мені математика пәніне ауыстырып, санатсыз қалдым. Осы дұрыс па? Және информатика пәнінен сабақ бере беруіме бола ма?

2 жауап

0 дауыс

Алматы қаласы білім басқармасы жалпы орта білім бөлімі мамандарының айтуынша, санат белгілі бір пән бойынша тағайындалады. Сол себепті сізге информатика пәні үшін тағайындалған санат математика және физика пәні үшін жүрмейді. Енді математика және физика пәндерінен санат алу үшін кезекті аттестациядан өтуіңіз керек. Ал егер де информатика, математика және физика пәндерінен сабақ берсеңіз, онда айлық жалақы информатика пәні үшін жоғарғы санатпен, ал математика және физика пәндері үшін санатсыз, еңбек өтіліне қарай төленеді. Информатика пәнінен сабақ беруіңізге болады, бірақ бұл мәселені маман тапшылығын ескере отырып, мектеп басшылығы шешеді.

0 дауыс
дәл менде сіз сияқты,информатикадан І ші санатты алып едім,енді математикадан сағат алғандықтан тек информатикаға санатқа төлейді.Математикадан санатсыз жүрмін.Келесі аттестацияда екі панді де қоса тапсыру керек екен.
...