Тойхана қалай таңдау керек? Алматы тойхана бағасы? Астана тойхана бағасы. Шымкент тойхана бағасы.
Этнограф-жазушы Сейіт Кенжеахметұлының жазып, қалдырып кетуі бойынша: «Тойға әкелген сый-сияпатты қазақ «тойхана» деп атайды. Оған әркім өз шамасына қарай кілем, мал, ақша да әкеле береді. Мұндай салт қазір де бар». Иә, қазақ тойдың түрлеріне қарай оған әртүрлі сый-ескерткіштер әкеледі: Асқа – сауын, сойыс, тойға – тойхана, үйлену тойына – немеурін, бала сүндеттегенде – бәсіре, мүшелтойға – сыйлық т.б. Тойхана берудің мәнісі тойда жұмсалатын шығынды туған-туыс, ағайын болып бірге бөлісу, ынтымақтастық таныту, бәрінің де басы бүтін, іргесі мықты, біртұтас ел екендігін паш ету.