0 дауыс
5.6k көрілді
Той дегеніміз не? Тойхана сөзімен мағынасы?

6 жауап

+2 дауыс
Той. Бүгінгі күнгі түсінігімізде бұл сөздің мағынасы — қуанышты жайға байланысты ел шақырылып өткізілетін ырду-дырдулы жиын, ойын-тамаша. «Күн батқан соң-ақ үйде үлкен той басталады» (I. Жансүгіров, Шығ.). Бір себептен «той» сөзінің төркінін іздестіріп, тарихына барудың да онша ділгерлігі жоқ сияқты. Өйткені, ертедегі түркі жазба ескерткіштерінде де «той» тұлғалы сөз дәл қазіргі мағынасында қолданылған. Тек қазақ тілінде ғана емес, түрікмен, қырғыз, хакас, тува сияқты басқа да түркі тілдерінде осы тұлға мен мағына сақталған. Іздестіре, зер сала қарағанда мына сияқты мәліметтер де ұшырасып, «той» сөзінің төркіні жөнінде ой салады. Біріншіден, көне түркі жазба ескерткіштерінде «тойдың» біз білетін — шамадан тыс ішіп-жеу мағынасынан басқа, көңіл тоқтатарлық деректің бірі — оның («той» сөзінің) «жиын, топ» ұғымында қолданылуы. Екіншіден, тунгус-маньчжур тобына жататын нанай, негидал, орок, орош, ульч, эвен, эвенкі тілдерінде «төй», «туйү» дыбыс құрамындағы сөздер біздің тіліміздегі «қонақ етіп, сыйлау, құрмет көрсету» мағыналарында жұмсалады. Енді осы тілдік деректерді жинастыра келгенде «тойдың» үш түрлі мағынасына тап болып отырмыз. Біріншісі — қарынды толтыра тамақ ішу. Бұл мағына түркі тілінде қазір де, ерте заманда да қолданылған. Екіншісі—жоғарыда көрсетілген, «жиын, топ». Үшіншісі — тунгус-манчжур тілдеріндегі —«қонақ ету, сыйлау, құрмет керсету». Осы үш түрлі мағынаның бәрі қуанышқа арналған мерекеде кездесетінін түсіндіру артық. Онда жиын, топ та бар, онда құрмет көрсете сыйлау басты қағида, онда жиналған топтың қарын толтыра ішіп-жеуге де еркі мол. Біздің ойымызша, мағына жағынан тығыз байланысты үш «той» тұлғасы бастарын қоса келгенде, қуанышқа арналған мерекенің басты белгілерін құрастырып тұрғандықтан оның да атауын «той» деп тағайындауға тура келген. Осылайша жиналып, бас қосып, ойын-сауық, ішіп-жеммен өтетін, сый-сыяпат көретін қуанышымыз «той» атауын алған.
0 дауыс
Той деген сөз қонаққа барғанда тойып қаласың ғо :) солай-солай қалыптасып кеткен болуы керек. Ал, тойхана сөзі беріректе шыққан, тойды өткізуге арналған жер.
әһәһәһ....
0 дауыс
2 жастың үйленуі той,

тойхана деген  той өтілетін зал
0 дауыс
"Той - это праздник" дейді ғо танысым.
0 дауыс
Той-екі жастың қуанышты күні. Бұл күні адамдар мейрамдап тос айтады, ойын-күлгі қылады, маст болып бұзықтық (патырат) қылады.
Тойхана-жоқарыда айтқандарымның бәрі осы жерде болады. :)))))))
0 дауыс
Той деген тойу үшін баратын жер.
...