+1 дауыс
42.0k көрілді
Менің інімнін үй тапсырмасы. Экипаж сөзіне қандай әнгіме құрау керек?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
"Air Astana" әуе кемесінің экипаж командирі Күмісбеков.М.Т мырза. Жолаушылар мен экипаж мүшелері туралы ақпарат әлі нақты емес. Экипаж өз шешімдерің қабылдайды және диспетчерге хабарлайды.
0 дауыс
Уш ак орнын ан экипажсыз козгалмайды
0 дауыс
Ушактын экипаж мушелери тугел жиналды.Олар ушу багдарламасын жасады.Экипаж мушелеринин денсаулыгы да тексерилди.Экипаж ушуга дайын.Жолаушылар  отыруга жиберилди. Ушак орнынан  козгалды .Экипажга сат сапар тилеймиз!
0 дауыс
Экипаж Самалет Экипаж Самолёт
+1 дауыс

Ғарышкерлер 142 күннен соң жерге оралды

Қазақстанның мысты даласына тағы бір ғарыш кемесі қонды. «Союз ТМА-17М»басқарылатын ғарышкемесіндегі халықаралық экипаж мүшелерін Жезқазған қаласының солтүстік-шығысынан 121шақырым жерде екі жүзге таман құтқарушы қарсы алды.

Халықаралық экипаж құрамындағы ресейлік Олег Кононенко, ағылшындық Челл Линдгрен мен жапондық Кимия Юи 2015 жылдың 23 шілдесінде Байқоңырдан ғарышқа ұшқан болатын. Бұл экипаж командирі, «Роскосмостың» 51 жасар ғарышкері Олег Кононенконың ғарышқа бірінші сапары емес. Ол өмірінің 533 күнін ғарышта өткізген. Сонымен қатар, екі мәрте кемеден тысқа шығып, берілген нұсқауларды орындап, барлығы 12 сағат 15 минут ашық ғарышта болды. Ал, борт инженері ретінде сапарға аттанған жапондық «Jaxa» және АҚШ «Nasa» ғарыш агенттігінің ғарышкері Кимия Юи мен Челл Линдгрен орбитаға алғаш шықты. Халықаралық ғарыш станциясына қонған ғарышкерлер өздеріне жүктелген ондаған зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Олег Кононенко ғарышта жаңа технологияларды сынап көрсе, американдықтар салмақсыздық күйде, яғни ғарышта адам көзінің қандай өзгерістерге ұшырайтынын зерттеген. Кимия Юи орбитада іс-қағаздармен жұмыс жасауды сынаған. Зерттеулер нәтижесінде Олег Кононенко ғарышта бола тұра басқарылатын робот арқылы жердегі шаруаларға араласуға мүмкіндік алды. Ол халықаралық ғарыш станция бортынан жердегі лабораторияның шамдарын сөндірген. Бұл ғарышкерлердің жүргізген зерттеулерінің дені ғана.

Ғарышкерлерді орбитадан күтіп алуға БАҚ мүшелерімен қатар, қала әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова да барған болатын. Жезқазғандықтармен кездесуге жапондық ғарышкер ғана келді. Сөз алған Зина Жұманазарқызы халқымыздың ата дәстүрі бойынша Кимия Юидің иығына шапан жауып, Қазақстанның тарихына қысқаша тоқталды. Ұлттық киімдегі бұрымды қыздар қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынды. Қазақ жеріне алғаш рет аяқ басқан Кимия Юи жылы қабақпен қарсы алған жезқазғандықтарға алғысын білдіріп, сапардан алған әсерлерімен бөлісті.

– Ғарыштан жер беті сондай керемет, әдемі болып көрінеді. Мен жердің сұлулығына ғашық болдым. Содан болар, жерді бейнелейтін 10 мың фото түсіріппін, – деп күлді. Жапондық ғарышкер бір айдай уақыт ғарыштағы өмірге үйренісе алмағандығын жеткізді. «Маған ең қиыны тұрып ұйықтау болды. Белім қатты ауырды» деді әңгіме барысында. Алайда, ғарышқа үйренісіп кеткен соң түс те көре бастапты.

Медициналық тексеруден кейін денсаулығына байланысты кездесуге келе алмаған Челл Линдгрен мен Олег Кононенко отандарына қайтты. «Jaxa» жапондық ғарыш агенттігінің пилоттық бағдарламасының вице-президенті Такаши Хамазаки бастаған жапондық делегаттар Мәскеу түбіндегі Жұлдызды қалашыққа жол тартты.

0 дауыс
Экипаж деген ол ұжым комада.Мынаны гана ойладым только это придумала

Ұқсас сұрақтар

...