Әлеуметтік желі зияндығын ерекше етіп айта алмаймыз, себебі бұл жәй ғана ақпарат алмасу құралы ғана. Ал, түптеп келгенде, бұл қазіргі уақыт үшін адамзат жетістігі. Сондықтан, оны пайдаланғанда да саналы түрде жоспармен, орнымен пайдалану керек болар. Кез-келген дүние шамадан тыс не мақсатсыз пайдаланылса, ол зиян болатыны заңдылық екен.