Ойбай, тек сен емес, мен 10-20 рет қараған кином болды. Ол: "ОДИН ДОМА 1, 2, 3" осы киноны қанша көрсемде жалықпаймын, екі езуім екі құлағыма жетіп қарап отырамын. Айтпақшы, ол киноның жанр түрі: комедия.
Қазіргі киноларды бір көрсең көресін,кейбірін көргің де келмейді.Менің жалықпай қарай беретін киноларым бар,олар: "Иван Васильевич меняет профессию","Шуриктің приключениелері","Операция "Ы"."
Мен міндетті түрде екінші қайталап көремін, ішінде мән бермей қалып кеткен жайттар болу мімкін. Кей киноларда керемет сөздер айтылып қалады. екі рет кору адетке айналдырғанмын.
Мен өзіме терең әсер қалдырған киноны, сериалды қайта көрмеймін. Өмірде бір-ақ рет болатын нәрселер қымбатырақ қой. Қайта көрсем сол кезде алған терең әсерімнің құны түсіп кететіндей көрінеді. (Иә, біртүрлі екенімді мойындаймын))))
Марк Уолберг басты кейіпкер ретінде ойнаған "Кровь за кровь" фильмі қатты ұнады сол киноны бірнеше рет көрдім.Ішінде Тайриз Гибсонда (Форсажда ойнайтын əзілқой қара жігіт) бар