–8 дауыс
671 көрілді
Сұрақ-Жауап сайты маған ұнамайды! Өйткені берген сұрағыңа жауап жазбайды! Мен бұл сайттың жабылғанын қалаймын!

11 жауап

+1 дауыс
"Жарайды, сайтты жаба салайын(" Админ осылай жауап береді деп ойлайсың ба? Сондағы сұрағың Биология мен теңдеу болды ғой. Сол сұрақтың жауабын өмірде іздеп таба алмай жүрсің бе? Кітапты ақтарсаң бәрі тұр ғой. Жауап жазсам соны көшіріп мектепке апарасың, болды. Сонда не білдің? Не үйрендің? Кімді алдадың? Егер бұл сайт саған үй тапсырмаларын орындап береді деп ойласың қатты қателескенің, бауырым.

"Битке өкпелеп тоныңды отқа жақпа" деген қазақта. Жауабын таппасаң ары қарай ізден. Кінәліні іздегенше жауап ізде.
+3 дауыс
Жек көрсең ұнамаса кірмес едің. Бүйтіп сұрақ та қоймас едің. Бұл сайт көпшіліктің сайты, жауап бергісі келсе жауап береді, жауап бергісі келмесе жауап бермейді.
+4 дауыс
СЖ ұнамаса. Жолын ашық жүре бер. Админге рахмет Ербол братқа. Осындай сайт ашқанына. Осы сайт арқылы үлкен жетістікке жеттім шыны керек. Су ішкен құдығына түкірме дегендей, маған талай қол ұшын берген осы сайтты жамандамаймын. Осы сайтпен болғаныма 2 жылдан асты. Сол уақыттың ішінде талай қызықтар болды. Талай банғада кеткен кездерім болған, мені ұнатпағандарда болған шығар, ол жағын білмедім. Оны қолданушылардың өзі айта жатар. Бірақ бір айтарым СЖ сайты Қазақстандағы керемет сайт. Болашығы алда!!!!
Жоқ біржағынан оны ыыыыы кетсең кет демесеңші
Ұнамаса жолын ашық дедім, кет деген ешнетем жоқ!!!
–1 дауыс
Төмен дауыс, Спамдардың не қажетi бар әркiм өз ойын айтуға құқылы... Егер СЖ-сайтын арнайы мамандармен қамтып, iшiне танысу клубын орналастырып, жеңiлдiктер орнатып, бiр сұрақта нақты жауапсыз қалмайтындай қылып жағдай жасасада, қарсы жақ барiбiр табыла бередi, себебi адамға ештеңе жақпайды...
Вот мiне мысал... 1-спам пайда болды, менiң сөзiме дәлел, спам қойған адамға менiң жауабым жақпады... қайтсiн ендi олда адам iшi күйiп бара жатыр, түсiну керек...
0 дауыс
Сұрақ қойсаң сұрағыңа жауап жазады деген сөз емес... Жауабын білсе жазады, білмесе несін жазады?!
+1 дауыс
Бұл қандай сайт, бұл сайт өзіңіз сияқты қолданушылар бір-біріне көмек беретін, қолдайтын сайт. Бұл жерде ешқандай кәсіби мамандар жоқ, сұрағыңызға жауап беретін тек қана өзіңіз сияқты қолданушылар (мен өзімнің қойған сұрақтарыма қанағаттанарлық жауап алып жүрмін) Осы сайтқа ризамын
+1 дауыс
Менше болғанада осындай қазақша пікыр таластың өзі мены қаты тебырентеды ! Ұйткены қытайда мұндай сайыт жоқа есеп қазақтар қытайша ғана тұсынетын болп барады ....
+2 дауыс
Жамшы ПРо, не сайтқа өткізіп қойғаның бар ма, неге өкпелеп отырсың? Сұрақ қойған екенсің күт, білетін қолданушы бір күні жауап жазады, сайттағы сұрақтар жойылмайды, жоғалмайды, жауабын күтіп тұра береді.
+1 дауыс

Мен бұл сайттың жабылғанын қалаймын!

қалау еркі - өзіңізде, 

 Сұрақ-Жауап сайты маған ұнамайды!

ұнату еркі де өзіңізде

ал мен сұрақ-жауапты сүйемін, жабылғанын елестете алмаймын,  

0 дауыс
Оған ұрыса бермеңдер жай ойнап айтқаны шығар балалықпен. жас жаңылады улкен кешіреді.)))
0 дауыс
Ұнамаса, кірме!
...