0 дауыс
1.7k көрілді

Слоганы: "Нағыз күш аспаннан түсетін сыйлық емес, оны бағындыра білу керек"

"Өкіл әке" (Крестный отец) секілді санаулы ғана гангстерлік жанрындағы фильмдер Америка кинематографиясының классикасына айналғалы қай заман. Көрермендердің көзайымына айналған сол мафиоз кейіпкерлер ойдан құрастырылған жоқ. Шынымен де картинада келтірілген айлакер, ақылды да қатігез, әділ не қу адамдар өмірде болатынын тамаша аша білген. Бұндай әулет болып құрылған мафиялар Америкада жиырмасыншы ғасырдың басында кеңінен жайылды. Олар шынымен де өздері құрған жүйемен өмір сүретін және бағыныштылары оған көнуге мәжбүр еді. Заң, құқық дегендерге бас ауыртқан емес. Әрине, ол кездері азаматтық құқық сияқты ұғымдар заң жүзінде қоғамға енгізіліп, бекініп жатқанына көп уақыт бола қоймаса керек. 

Көркемдік бағыты. 

Бұл аса бір керемет компьютерлік эффект қолданылмаса да, қыруар қаржы бөлмесе де, тарихта аты мәңгі қалатын тамаша кинотуынды жасауға болатынын дәлелдеген жоба.

Фильмдегі интерьерлік көркемделуі мен актерлердің киім кию үлгісін былай қойғанда, әуенмен толықтырылуы өзінше бір бөлек тақырып. Фильм композиторы Нино Рота кино көрсетілімінде бір әсер сыйласа, кездейсоқ радиодан естіп қалсаңыз, бірнеше минуттық композицияда бүкіл кино көз алдыңыздан жүгіріп өтуі, музыканың кереметі болар.

Киноның жалпы ұзақтығы деп көрсетілген үш сағатқа жуық көрсеткіші, түгелдей бір отбасылық өмірді барынша шағын элементтерімен қосып айқын бейнелеуге шамасы жеткен екен.

Актерлер шеберлігі. 

Корлеоне отбасы: Майкл, дон Вито, Сонни, Фредо

Өкіл әке. Дон Вито - Жақындарына, өзіне адал серіктеріне деген жүрегі кең және жаны нәзік. Әке деген сол ғой. Ақылды. Байсалды. Әділ. Сыпайы. Қолында үлкен билігі бар адамға сыпайылығы тамаша жарасады. 

Майкл. Отбасы дәстүрін жалғастырушы, әке орнын басқан тұлға ретінде ол туралы жазар көп. Ол актер ретінде психологиялық тұрғыдан мафия басшысының рөліне шебер ене білді. Ісі жөнінде де, жеке басы жөнінде де. Қысқаша айтар болсақ, билікте болу үшін, асып бара жатқан ақыл да, тасып бара жатқан күш те міндет емес. Әлжуаз, нәзік болып көрінетін адамның мінезі талай ақылды мен талай мықты күш иесін қапы қалдырады екен.

Сонни мен Фредо сияқты балалар көптеген отбасыларында кезедестін болар. Әсіресе Соннидің қырсық әрі тез ашуланғыш мінезі мен тез тіл табысу қасиетін айта кету керек. Фредо, өнер жолындағы бала. Ол мафиялық өмірге тіптен қызықпайды. Ісіне берілген адам.

Фильмдегі басқа да актерлер, әсіресе басқа мафиялық кландардың мүшелері, өз миссияларына деген жауапкершілігі, жендеттер мен қарапайым әйел бала-шағалардың бейнелері, өзін өзі ұстаул мәнерлері кинода оң бағаға лайық бейнеленген.

Фильм мафия деген қырып-жою мен қиянат қана емес, әділдік пен келісім, зор стратегиялық жоспар жүйесінің көлемінде жұмыс істеу және оны қызғыштай қорғай білу, жан қию, отбасы үшін еркектің рөлі қандай болатынын үлгі етуге болады. 

1 жауап

+2 дауыс

"Өкіл әке" гангтерлік романтиканы, бандитизм мен қылмысты насихаттайтын нағыз американдық фильм. Осындай фильмдердің салдарынан әлемдегі ең қылмыс көп жасалатын ел ретінде және түрмеде отырушылар саны жөнінде бірінші орында АҚШ мемлекеті тұр. Нағыз еркек - мафия мүшесі, қылмыскер-бандит емес, оны еркектің сорлысы деуге болады. Нағыз еркек - білімді, парасатты, отбасылы азамат, өз мамандығын жақсы игерген, дос-жарандары көп, туытарына сыйлы адам.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
Jako 24.08.2011 Жанұя сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
Сезім 7.12.2015 Қазақ тілі сұрақ қойды
...