Екі жыл бұрын тіркелген едім. Кейін сұрақтардың мәні кеткен соң кірмей қойған едім. Шамамен бір ай бұрын қайта кірдім. Қайта қызық бола бастады. Сайт қатты өзгерген. Бірақ, оқу жылы басталып, оқушылардың оп-оңай үй тапсырмасын сұрап қайтадан... Жоқ, түсінбесе мұғалім бар, сыныптастары бар, сұрап түсініп алуға болады ғой. Шығарып беріңіз, аударып беріңіз деп дайын үй тапсырмасын алып баға алса, оның несі оқу? Кімді алдап жүр? Ондай сұрақтарға тек сілтеп, жолын көрсетіп беремін, ары қарай өзі ізденсін деп. Сонда да қайта-қайта жазады келіп... Айып етпессіздер, бірақ "Сұрақ - жауап" сайтының мақсаты бұл емес еді.