Нағыз жомарттылық
Өте бай және жомарт болған хазіреті Абдуллаһ бин Жафар-и Таииар бір құрма бағының жанынан өтіп бара жатқан еді. Бір қара нәсілді құл, бақшада жұмыс істеп жатқанда, оған үш мезгілдік тамақ әкеледі. Сол сәтте бір күшік құлдың қасына жүгіріп барады. Тамағының бір бөлігін оған бергенінде, күшік бірден жеп қояды. Екіншісін де, кейінірек үшінші бөлігін де береді. Бұны байқап тұрған хазіреті Абдуллаһ бұл құлдың қасына жақындап сұрайды:
–Әй досым, не үшін өзің аш бола тұрып, үш мезгіл тамағыңның бәрін күшікке бердің?
–Мырзам, бұл күшік алыс жерден келген. Өте аш және несібесін іздеп жүр.
–Жарайды, ал өзің не жейсің?
–Аш жүріп, сабыр сақтаймын.
Хазіреті Абдуллаһ көрген естігендеріне әсерленіп: «Халық мені жомарт деп біледі. Ал мына қара нәсілді құлдың жомарттылығы менікінен де артық.» — дейді. Құрма бағын және осы құлды қожайынынан сатып алады. Құлды азат етеді де, еркіндік береді. Құрма бағын да ішіндегілерімен бірге өзіне сыйға тартады.
Сол кезде хазіреті Абдуллаһқа біреу айтқан екен:
–Сен қазір одан да жомарт болдың.
–Өкінішке орай олай емес. Өйткені, ол қолындағы иеленген мүлкінің бәрін берді. Ал мен, иеленгенімнің аз ғана бөлігін бердім. — деген екен.
дерек мына жерден алынды [дереккөз][1]
[1]: http://www.kerekinfo.kz/blog/angimeler/2042.html