Шымкент қаласы тағы бір ірі сауда орталығымен толықпақ. 2006жылы ОҚО–ның сол кездегі әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен облыстық әкімдік аппараты жаңа орынға көшіріледі дегенәңгіме ел ішінде кең тараған–ды. Тіпті, Әл-Фараби алаңында сол үшін құрылыс жұмыстары да басталды деген жорамал жасалған еді. Алайда,уақыт өте келе өңірге жаңадан басшы болып келген Асқар Исабекұлы әкімшілік іскерлік орталықты Нұрсәтке жайғастырып, ел аузындағыпікірді теріске шығарды. Ал, әкімшілік орталығына айналады деген нысанның орны не болмақ? Бұл сұрақтың жауабын әріптесім іздеп көрді.
Уақыт өткен сайын шырайын арттырып келе жатқан Шымшаһарда жаңадан «Шымкент плаза» атты ірі сауда орталығы бой көтеруде. Жалпы аумағы 50 мыңға жуық шаршы метрді құрайтын бұл нысан қаладағы ең үлкен сауда-саттық және көңіл көтеру орталығы болғалы тұр. Мұндай ауқымды жобаны құрған ағылғындық BЕNОY архитектуралық компаниясы.
Абуғали ДЖАКУПОВ, жобаның бас менеджері
– Бес қабаттан тұратын бұл ғимараттың басқалардан айтарлықтай ерекшеліктері баршылық. Ең алдымен көлемі жағынан өзгеден оқ бойы озық тұрса. Ашылғаннан кейін мұнда Шымкент нарығында бұрын соңды болмаған әлемдік деңгейдегі брендті компаниялар жұмыс жасайтын болады.
Жобада келушілерге арнап ашық және жабық түрдегі 500 автокөлік сиятын автопарк қарастырылған. Соңғы технологиямен жасақталатын ғимаратта 7 бірдей кинотеатр мен бутиктер, азық-түлік дүкені мен асханаларды да осыннан табуға болады. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 800-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деген жоспар бар.
Абуғали ДЖАКУПОВ, жобаның бас менеджері
– Бұл жобаға 60 млн АҚШ доллары жұмсалыс отыр. Қаржылай қолдау білдіріп олтырған серіктестігіміз – «Халық банк» АҚ. Қазіргі таңда жұмыстың 30 пайызын еңсердік.
Құрылысқа жұмылдырылған жұмыс тобының 90 пайызы жергілікті тұрғындар. Қажеттілікке байланысты Түркия, Қытай елдерінен арнайы мамандар да алыныпты.Жоспар бойынша құрылыс келесі жылдың Сәуірінде айында аяқталуы тиіс.
Қанат БАЙСОВ