+1 дауыс
3.7k көрілді
жакында алабай итім күшіктейді кушіктердын кулагы мен куйрыгын калай кесемин?(видеосы болса)неше куннен кейын кесуге болады,?

4 жауап

0 дауыс
Жауын жауарда аурайы булт кезде кескенің друс сол көзі ашылып 2-3 кунен кеин кесе бер
+1 дауыс
Ветеринар маманға кестіргенің дұрыс болады.
бізде жок ондай
+1 дауыс

Алабай күшіктерінің құлақ, құйрықтарын бауырын көтеріп, емін-еркін жүруге әбден бейімделгеннен кейін кескен дұрыс. Алайда, әбден өсіп кетсе кесудің қажеті жоқ, себебі, қорқақ боп қалуы мүмкін. Сосын, құйрығын кесуге кеңес бермеймін. Себебі, қыс мезгілінде иттер әдетте сол құйрығымен тұмсықтарын жауып ықтап жатады. 

Күшіктің құлақтарын кесер алдында қос құлағығын тұзды сумен әбден уқалаңыз. Содан соң өте өткір нәрсемен (лезвиемен, пышақпен) қажетті мөлшерін қалдырып, кесіп тастаңыз. Ал, құйрығын да жақсылап уқалаған соң ұшы өткір балтамен немесе қанжар пышақпен шауып тастауға болады.

Міндетті түрде, кесілген орнының қанын тыю үшін йод жағыңыз. Қан тыйылғаннан соң тұзды сумен немесе марганцовка суымен қайта-қайта жуыңыз.

Бала кезімізде итіміз мықты, қабаған, төбелеске жақсы болсын деген ырыммен кесілен құлақ-құйрықтарын өзіне қуырып беретін едік.)

Құйрық-құлақтарын кесудегі басты мақсат төбелестіргенде қарсыласы сол жерден тап бермесін деген ниет қой. Алайда, әрбір мақұлықтың әубаста жаратылған мүшелерінің еш артықтығы жоқ екендігін қаперімізден шығармайық.

 

0 дауыс
Менің күшінімнің құлағын кескеннен кейін іріңдеп кетті не істесем болады срочна өтініш
...