Әл-Фараби айтады екен, ең алғашқы махаббат тәтті елес болып қала берсін, оған оралма да, оралуын тілеме де. Ол сенің албырт шағыңның үлбіреген нәзік сәулесі болып, мәңгі өшпес сұлулығымен көкірегіңде қала берсін. Жүрегіңді кейде сыздатып, кейде сырқыратып сағынышқа толтырып, нәзік қуанышымен қалуы тиіс. Алғашқы махаббатқа қайта оралам деген адам көкірегіндегі алғашқы тұтанған сезімін күл-талқан етіп, жоғалтып алуы мүмкін. Жастық шағында албырт сезіммен берілген махаббат бүгінде көңіліңнен шықпай жүрсе өкініші қандай ауыр..