+3 дауыс
495 көрілді
Саламатсыздар ма! Менде бір сұрақ бар еді. Компьютер біраз уакыт жұмыс істеп тұрып өшип қалады неден болуы мүмкін?

3 жауап

+1 дауыс
вирус болуы мумкин
+1 дауыс

Мен кәсіби программист емеспін, бірақ менде де осындай ақау болған кезінде. Менің жағдайымда, компьютердің желдеткіші (вентилятор) істен шыққан екен. Сондықтан, қызып кеткен кезде өшіп қала беретін. Мүмкін содан да шығар, әлде вирустан да болуы мүмкін...

0 дауыс

Егер мен қателеспесем 80% ол сіздің процессорыңыздан. Аналық тақшаға арнайы бағдарлама жазылған. Егер компьютердің куллері жұмыс жасамай, процессор белгілі бір температурадан асып кететін болса, онда компьютерді аналық тақша автоматты өзі өшіріп тастайды. Бұны қалай жөндейміз.

Ол үшін біз түрлі қосалқы заттар сататын дүкенге барып термопаста деген қою затты сатып аламыз. Бағасы 200-300 тенге көлемінде. Үйге келіп процессордың үстіндегі куллерді шешіп алып, процессордың үстіне қалың қылмай жағамыз. Сосын процессорды орнына салып, жақсылап бекітеміз. Термопастаның қызметі процессорлағы ыстықты куллерге, куллердегі салқынды процессорға беру. Осы әдісті істеп көріңіз көмектесіп қалар. Егер бұл болмаса.

Онда куллерді шешіп алып тура сондай басқа куллер орнатамыз. Себебі куллер жақсы жұмыс істемейді. Яғни белгілі бір салқындықты бере алмайды. Басқа куллерге алмастырмыз. Тура сондай немесе сол процессорға келетін куллер аламыз. Өйткені барлық куллерлер бір-біріне келе бермейді. Бағасы 800 -2000 аралығында болады.

Тағы  Дани ханым айтпақшы вирустан да болуы мүмкін. Бірақ алдыңғы мен айтқандарды байқап көріңіз. Көмектесер деп үміттенемін.

 

Мына жерде орыс тілінде ақпарат берілген.

Егер жұмыс істеп тұрып өшип калатин уакити 3-6 мин аралыгинда болса сiздiн CPU(central processing unit) желдеткiшi жакси жумистамай тур немесе желдеткiш CPU-ге тiимей калган.
Не болмаса Virus болуы бар. Virus болган жагдайда сiз Windows керектенетiн болсаныз жарасы женiл ---> Format C: сосын болды. Ал болмаган жагдайда.
1. CPU желдететкiшiн алып кайтадан жаксылап байланыз.
2. CPU желдететкiшiн жанадан алу кажет. Бiзде 8000 төгрөг немесе 800 тенге болады.
Аныктама: ...менiн жазган пiкiр кате немесе түсiнiксiз болуы мүмкiн түсiнiнiздер себебi мен ана тiлiнде алгаш рет пiкiр жаздым
...