Әрбір ұйымның банкте шоты болуы тиіс. Сіздің қажеттіліктеріңізге толықтай жауап бере алатын қаржылық мекемені табу үшін не нәрсеге мән беру керек?
• банктің сенімділігі мен оның қаржылық тұрақтылығы. Шынын айтқанда, бұл параметрді сіз жеке өзіңіз анықтай алуыңыз неғайбыл, оған өте көп фактор әсер етеді. Рентабелділік, өтімділік, активтердің сапасы сияқты көрсеткіштер. Бұл мәліметтерді талдау кәсіби танымды және ақпаратқа рұқсатты талап етеді. Сондықтан, БАҚ-тағы жарияланымдар мен ашық көздерде жарияланған рейтингтерде сүйеніңіз.
• Шот ашу бағасы. Оның сомасы әртүрлі болуы мүмкін.
Қызмет көрсетуге алынатын тарифтер. Бұл жерде бірқатар нәрселерді ескеру қажет. Оның сомасы есепті жүргізу комиссиясынан да, төлемдік тапсырмаларды өңдеу құнынан да қалыптасады.
• Есеп айырысу жылдамдығы. Ақшалай операцияларды өңдеу оперативтілігі.
Қазақстандағы бизнес үшін банк шоты
Заңды және жеке тұлғаларға б анк шоттарын ашу Банк пен Клиенттің арасында жасалған, банк шотын ашу, жүргізу және жабудың негізгі шарттары ескерілетін келісімшарттың негізінде жүзеге асырылады.
Банктік шот туралы келісім-шартты құру үшін Клиент, Банктің талаптары және өзгертулері мен қосымшаларын есепке ала отырып, ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 ж. 2 маусымындағы № 266 қаулысымен бекіттілген, ҚР-дағы клиенттердің банк шотын ашу, жүргізу және жабудың негізгі ережелеріне сәйкес керекті құжаттарды тапсыру керек.
Банк ҚР заңнамасына сәйкес жарғы капиталы төленгені туралы құжатты ұсынған жаңадан құрылған заңды тұлға атына банк салымы шартына (шартты салым) негіздіелген уақытша жинақтаушы шотты ашады.
Уақытша жинақтаушы шот арқылы жаңадан құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталын құру үшін жасалатын және банк қызметі үшін ақы төлеу операциялары жүргізіледі.
Уақытша жинақтаушы шотты ашу үшін Клиент банкке келесідей құжаттарды ұсыну керек :
• Уақытша жинақтаушы шотты ашу туралы өтініш;
• Қол қою үлгісі бар құжат (нотариат куәландырған, 2 дана);
• Уақытша жинақтаушы шотты ашу және жабуға уәкілетті жеке тұлғаны тағайындау туралы жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрылтайшылар хаттамасының көшірмесі;
• Клиенттің жеке басын куәландыратын құжат ;
• Қол қою үлгісі бар құжатта көрсетілген қол қою үлгісіне сәйкес уақытша жинақтаушы шотын басқаруға тиісті жүргізілетін операция барысында қол қоюға уәкілетті жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;
• Жаңадан құрылған заңды тұлғаларға тиісті банк салымы туралы келісім-шарт (шартты салым) (2 дана, бланкті Банктан алуға болады)
Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен кейін банк ағымдағы есепшот ашады.