0 дауыс
17.8k көрілді
Ірі, орта және шағын бизнес арасындағы айырмашылықтар

1 жауап

0 дауыс

«Кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңына сәйкес кәсіпкерлік қызметтің 3 түрі бар: шағын, орта және ірі. Өзінің мәртебесін кәсіпкерлік субъектілері өздері анықтап, растау керек. ҚР Салық Кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері салық органдарына тіркелген жері бойынша қаржылық және салықтық есептілік тапсырады. Онда оларды жеке кәсіпкерліктің қай түріне жататындығы туралы (шағын, орта, ірі) критерийлер қарастырылған.    

Шағын кəсіпкерлік субъектілері – бұл жеке кəсіпкерлер жəне заңды тұлғалар, олардың 50 адамнан көп емес жұмысшылары бар жəне орташа актив құны (баланста көрсетілген жеке кəсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүліктері) жылына 60 000 минималдық есеп көрсеткішінен аспайтын, 2010 жылы 84 780 000 теңгені құрады (активтердің максималды құнын есептеу оңай – 60 000 əрбір жылға республикалық бюджеттен заңда бекітілген айлық есептік көрсеткішке көбейту керек, мысалы 2010 жылы ол 1 413 теңгені құрайды);

Орташа кəсіпкерлік субъектілері – заңды тұлғалық білімі жоқ жеке кəсіпкерлер, жұмысшыларының орташа жылдық саны елу адамнан кем емес жəне жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, жұмысшыларының орташа жылдық саны екі жүз елу адамнан көп емес немесе орташа жылыдқ активтерінің құны 459.225.000 теңгеден артық емес (325 000 х əрбір жылға республикалық бюджеттен заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін тиісті қаржылық жылға көбейту).

Ірі кəсіпкерлік субъектілері – жеке кəсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, жұмысшыларының орташа жылдық саны елу адамнан жоғары немесе орташа жылдық активтерінің құны 459.225.000 теңгеден артық (325 000 артық х əрбір жылға республикалық бюджеттен заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін тиісті қаржылық жылға көбейту)

Төмендегідей қызметтерді жүзеге асыратын ЖК мен заңды тұлғалар шағын кəсіпкерлік субъектілері болып танылмайды:

  • есірткілік заттарды, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы байланысты қызметтерді жүргізетін;
  • акциздік өнімдерді шығаратын жəне (немесе) көтерме саудада сататын;
  • астық қабылдау орындарында астықты сақтау қызметін жүзеге асыратын;
  • лотерея ұйымдастыратын;
  • ойын жəне шоу-бизнес саласындағы қызметпен айналысатын;
  • аккредитациялау, сертификаттау, метрология жəне сапаны басқару саласындағы қызметпен айналысатын;
  • мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, электр жəне жылу қуатын өндіру, өңдеу жəне сату қызметімен айналысатын;
  • радиобелсенді материалдардың айналымымен байланысты қызметпен;
  • банкілік қызметпен (немесе оның жекелеген түрлерімен) жəне сақтандыру нарығындағы қызметпен (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
  • аудиторлық қызмет;
  • құнды қағаздар нарығындағы кəсіби қызмет.

Жеке кәсіпкерлер ірі кәсіпкерлік субъектілері бола алмайды.

Жеке кәсіпкерлер ірі кәсіпкерлік субъектілері бола алмайды дегенді қалай түсінуге болады?
...