Қысқаша бөлім жайында
Сіз өз бизнесіңізді бастауға бел будыңызба? Бірақ мақсатыңызды орындауда көптеген сұрақтар туындады ма?
Бұл бөлім Сіздің бизнес арманыңызды орындауға көмек көрсетеді.
Бизнес дегеніміз – шексіз мүмкіншіліктерді туындап, сонымен қатар жауапкершілікті қажет етеді.
Бұл бөлімде Сіз өз бизнесіңізді қалай бастау және қандай құжаттарды рәсімдеу керек екенін білесіз.
Әр бөлімде «Кім көмектеседі» деген сілтеме арқылы Сіз өз сұрақтарыңызға жауап ала аласыз.
Бизнесті бастау сатыларын айқындайық:
Бизнес-идеяны таңдау. Жұмысты бастауға идея қажет. Сіз идеяны түрлі сайттардан немесе өзіңіздің іс-тәжірибеңізден, ойыңыздан, арнайы қызмет көрсету орталықтардан т.б. біле аласыз.
Тұтынушыларды табу. Кез-келген бизнестің өз тұтынушылары болады. Бұл сұрақ туралы көптеп ой-пікірлесуге болады, бірақ жауап табудың оңай жолы қоғамнан сұрау. Бүгінгі күні интер желісінде түрлі форумдар, әлеуметтік желілер, блогтар – бұның барлығы сауалнама жүргізуге ыңғайластырылып жасалған.
Мекемені тіркеу. Егер Сіз компанияның жалғыз құрылтайшы болсаңыз, онда жеке кәсіпкер немесе ЖШС ретінде тіркелуге болады.
Бизнесті қаржыландыру туралы айтар болсақ, инвестициялық қорлар мен инвесторларға («бизнес-періштелерге») жүгінеміз. Егер Сіздің бизнес жобаңыз табысты болса, инвесторларды табу қыйынға түспейді. Тіпті, дағдарыс уақытында да.
Сіздің жоспарыңызды жүзеге асыруды бастаймыз.
Сөз жүзінде барлығы айтарлықтай оңай. Ал іс жүзінде, әр бизнестің өзіндік ерекшелігіне қатысты көптеген күтпеген кедергілер пайда болады. Алғашқы кездерде өте көп жұмыс істеуге тура келеді. Дегенмен, барлық салынған күш ақталады деген сенімдеміз.