+1 дауыс
292 көрілді
Адресі болса көрсетіп жіберсеңіздер,өзім қаланы көп білмеймін.Және арзан,скидка жүріп жатқан жері болса тіпті жақсы болар еді.

1 жауап

+1 дауыс
Дина базарының қасында, оң жағында екі қатарлы ғимарат бар. Бір қабырғасында жиһаздар деп жазылып тұрады-ау. Соның екінші қабатында, кіретін есігі жанында сырттан баспалдақпен кіреді. Сонда арзан, әдемісін табуға болады. Динаның дәл артымен өтіп жатқан жолдың бойында сондай сататын дүкен бар. Бірақ ол өте қымбат, оригиналдар. Сізге арзан керек болса, бірінші айтқаным тиімді болар. Екі жыл бұрын алғанда бағасы 16-17 мың болған. Сосын бір ескеретін нәрсе, анада құрастырылған үлгілері тұрады,  сатып алғанда басқасын қағазда жинаулы тұрғанын береді. Үлгідегі столды жан-жағынан фотоға түсіріп алыңыз. Үйге апарып жинап, құрастырғанда басты қатырмай суретке қарап отырып бірден оңай жасап аласыз. Оның ішінде қарап отырып құрастыратын қағазы болмайды.
Зета ма?
...