Ия мен атеиспін, бірақ мен оны мақтан етпеймін де, жасырмаймын да. Сенімі барларға қызығамын (қай діндегілер болса да). Себебі сенімі жоқ адам әр нәрсені ойлап басы қатып кетеді (мысалы жаратылыс құбылыстарын, ғылыми жауабы жоқ сұрақтарды...т.б. мен өз басым солаймын, ал, діндар адам "жаратқанның ісі" ғой деп қоя салады ғой)
Мен Құранды, Інжілді, Тауратты да түгел оқып шықтым. Ешқайсысы жаныма жақын келген жоқ. Тек Буддизмді кішкене ғана ұққандай болдым, бірақ онда да көп қайшылықтар бар екен... Мүмкін болашақты сенім орнап қалар
Сосын маған мұсылмандықтар гөрі ежелгі қазақтардың діні жақын сияқты (шаманизм емес)