0 дауыс
8.3k көрілді
ЖШС Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қалай тіркеуге болады?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

ЖШС-ң тіркелуі

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік құру оның құрылтайшыларымен құрылтайшылық шарт жасақтаумен басталады және серіктестіктің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуімен аяқталады.

Құрылтайшылық шартын жасақтаңыз.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік оның негізінде мемлекеттік тіркеуге өтініш берілетін құрылтайшылық шарт негізінде құрылады. Құрылтайшылық шарт жазбаша түрде жасақталады, әрбір құрылтайшылармен қол қойылып одан кейін нотариальды расталады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысымен құрылуы оның жеке-дара шешімі негізінде жасақталады, бұл жағдайда Құрылтайшылық шарт жасақталмайды.

 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында мыналар болуға тиіс:

серіктестікті құру туралы шешім, оның фирмалық атауы және орналасқан жері;
серіктестік құрылтайшыларының атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері мен жеке басын куәландыратын құжат деректері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген серіктестік құрылтайшыларының тізбесі;
 серіктестікті құру тәртібі; оның құрылуына байланысты құрылтайшылардың міндеттері, сондай-ақ құрылтайшылардың серіктестіктерді құру жөніндегі қызметті жүзеге асыруының өзге де шарттары; аталған адамдардың, сондай-ақ серіктестікті құру мен тіркеу барысында құрылатын серіктестіктің мүдделерін білдіруге уәкілдік берілетін басқа да адамдардың өкілеттігін анықтау;
серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері;
серіктестіктің жарғылық капиталына әрбір құрылтайшының ақша салымының құрамы, мөлшері мен мерзімі туралы немесе заттай нысанда не мүліктік құқықтар түрінде салынған салымның ақшалай бағалануы туралы мәліметтер; серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша салымдар салу туралы шешім қабылдаудың тәртібі, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарды уақтылы салмаудың салдарлары;
құрылтайшының серіктестік мүлкіндегі үлесін анықтау; серіктестікке қатысушылар үлестерінің ауысу тәртібі;
 серіктестік жарғысын бекіту;
серіктестіктің таза табысын бөлу тәртібі.

Құрылтайшылық келісімге құрылтайшылар шешімімен осы Заңға және басқа да заңнамалық актілерге қайша келмейтін серіктестіктің құрылуы мен қызметіне қатысты басқа да шарттар қосылу мүмкін.

ЖШС жарғысын құрыңыз.

Жарғы құрылтайшылардың жалпы жиналысында бекітілген болуы тиіс және барлық құрылтайшылардың немесе олардың уәкілетті тұлғаларының қолы қойылу тиіс.

Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республиксы Үкіметімен бекітілген Үлгілік жарғы негізінде  атқаруға құқылы.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында:

серіктестіктің фирмалық атауы, орналасқан жері мен мекен-жайы;
серiктестiкке қатысушылардың (серiктестiкке қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын серiктестiктердi қоспағанда) олардың атауы, орналасқан жерi, мекен-жайы, банк реквизиттерi (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөнi, тұратын жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетiлген тiзбесi;
серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері туралы мәліметтер;
 серіктестік органдарын құру тәртібі мен олардың құзыреті;
серіктестікті қайта ұйымдастыру және оның қызметін тоқтату ережелері;
серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмін жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жағдайда серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлудiң тәртібі;
серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі және мерзімі;
серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралының атауы;
серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері болуға тиіс

Егер серіктестікті бір адам құрса, оның жарғысында мүлікті құру мен табыста бөлу тәртібі де белгіленеді.

Жарғылық капитал мөлшерін анықтаңыз

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылар салымын біріктіру арқылы құралады.

Жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылар салымының соммасына тең және минимальды жарғылық капиталдың мөлшері жүз теңгеден кем болмауы тиіс шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табыылатын жауапкршілігі шектеулі серіктестікті қоспағанда, серіктестіктің мемлекеттік тіркелуі үшін құжаттарды ұсыну күніне айлық есептік көрсеткіштің жүз мөлшеріне эквивалентті соммадан аз болмауы қажет.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің салымы  ақша, құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқық, соның ішінде жер пайдалану құқығы мен интеллектуальды қызмет нәтижесіне құқық және басқа да мүліктертер бола алады.

Жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалды емес игіліктер түріндегі салымдар рұқсат етілмейді.

Тіркеу органындағы ЖШС тіркелуі.

Ол үшін тұрғылықты мекен-жай бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына барыңыз. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі үшін жинақ ақысын төлеңіз. Есепке алу үшін барлық құжаттар пакетімен қамтамасыз етіңіз.

Құжаттар тізімі:

Белгіленген формада тіркелу туралы өтініш
Ноториальды тәртіппен куәландырылған жарғының мемлекеттік және орыс тілінде 3 данасы (өз қызметін Үлгілік жарғы негізінде атқараып келетін, шағын және орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда).
Орналасқан жерін растайтын құжат (жалгерлік шарт, сатып алу-сату шарттары, жылжымайтын мүлікке тіркеу құқықтары туралы құқықтың ноториальды куәландырылған көшірмесі болуы мүмкін).
Жетекші мен құрылтайшылар жеке тұлғаны куәландыратын құжаттар көшірмесі.
Егер құрылтайшы заңды тұлға болған жағдайда салықтық қарыздың жоқтығы жөнінде анықтама.
Тіркелу үшін бюджетке төлемді растайтын құжат немесе түбіртек (заңды тұлғалар үшін – 6,5 АЕК, шағын бизнес субъектілері, олардың филиалдары және өкілдері болып табылатын заңды тұлғалар үшін – 2 АЕК).

Нормативті құқықтық актілер тізімі:

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі № 2198 Заңы
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі
(Жалпы бөлім)
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығы
Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы
Қазақстан Республикасының 1998 ж. 22 сәуірдегі № 220-I Заңы
Қазақстан Республикасының Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
(Салық кодексі)\
Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың үлгі жарғыларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 852 Қаулысы

...