0 дауыс
626 көрілді
Компанияның қаржылық есептерін рәсімдеу жиілігі қандай?

1 жауап

0 дауыс

Кемінде – жылына бір рет.

Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру келесі көрсеткіштерден тұрады:

- өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен табыс; ҚҚС, акциздер және басқа міндетті төлемдер мен салықтар шегертілген түрінде көрсетіледі, қайтарылған таувар құнын, бағадан және сатудан жеңілдіктерді қоспағанда;

- өнімнің, жұмыстың, қызметтің сатылған өзіндік құнына кәсіпорынның нақты шығындары, яғни жұмысты, қызметті өндірумен байланысты тікедлей шығындар кіреді;

- жалпы табыс өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен табыстан өнімнің нақты өзіндік құнын алып тастағанан соң шығатын қаржылық нәтижесі;

- кезең шығыстары өнімнің, жұмыстың, қызметтің өндірістік өзіндік құнына енбейтін шығыстар: жалпы және әкімшілік шығыс, пайыздарды төлеу бойынша шығыс;

- негізгі қызметтен түскен табыс – жалпы табыс пен кезең шығыстарының айырмасы;

- негізгі емес қызметтен түскен табыс – кәсіпорнның негізігі қызметімен баланысты емес операциялардан алынған табысы;

- салық салынғанаға дейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы – негізгі және негізгі емес қызметтерін біріктіргенне алынған табыс;

- табыс салығы бойынша шығыс – 11 БЕС салынған, соның ережесіне сәйкес есептік кезең үшін анықталған табыс салығы бойынша шығысы;

- төтенше жағдайынан алынған табысы;

- таза табыс.

...