0 дауыс
992 көрілді
Тауар мен қызметке баға белгілеу үшін не істеу қажет?

1 жауап

0 дауыс

Баға – Сіздің кәсіпорыныңызға нақты табыс алып келетін маркетинг элементі. Нарықтық баға өзіндік құны болып табылатын тауарды/қызметті өндіру және жүзеге асыру шығындарының мәніне, сонымен қатар нарықтағы бәсеке деңгейіне және өзіндік құнының үстінен маржа деңгейін анықтайтын экономиканың жалпы жағдайына байланысты. Әрбір кәсіпорынның баға саясатын дайындау кезінде оның негізгі мақсатын анықтау қажет, мысалы, белгілі бір пайданы қамтамасыз ету кезінде бәсекелестікті немесе өнімді өткізу көлемін, бағаны, үстеме пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу қажет.

Баға белгілеудегі негізгі қадамдар:

1. Бағаны талдау ( келесі сұрақтарға жауаптар алуды қамтиды ):

тұтынушының сипаттамасы ескерілді ме;
баға өзгеру үрдісі ескерілді ме;
олар бәсекелестік күреске қатысуға мүмкіндік береді ме;
өнімнің аталған түрінің бағасына бәсекелестердің көзқарасы есепке алынды ма;
өнім имиджіне баға сәйкесті ме;
жеңілдіктер нормасы дұрыс анықталған ба;

2. Мақсатты айқындау және бағаны қалыптастыру бағыттары:

бағаны қалыптастыру мақсаты - табыс, үстеме пайда, бағаны ұстап тұру, бәсекелестікке қарсы тұру;
бағаны қалыптастыру бағыты — баға деңгейі, бағаны реттеу, жеңілдік жүйесі бойынша.

3. Баға туралы соңғы шешім қабылдау, п райс- парағын құрастыру.

...