0 дауыс
361 көрілді
Мемлекет басшысының тапсырмалары мен актілерінің сапасыз немесе мерзімінен кешіктіріп орындалған жағдайда қандай жауапкершілік көзделген?

1 жауап

0 дауыс

«Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» 2010 жылдың 27 сәуіріндегі № 967 Жарлық Мемлекет басшысымен бекітілген.

Президенттің Жарлықғының 39-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының сапасыз немесе мерзімінен кешіктіріп орындалған жағдайда жеке жауапкершілік белгіленген.

мемлекеттік органның және ұйымның бірінші басшысы жалпы басшылық пен Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының уақтылы әрі сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

жауапты хатшы, мемлекеттік орган аппаратының басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

мемлекеттік органның және ұйымның бірінші басшысының орынбасарлары жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

...