0 дауыс
535 көрілді
Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты мемлекеттік органдардың бұйрықтары қайда жарияланады?

1 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелген Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, сондай-ақ «Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткiзу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қазан № 1118 қаулысымен белгіленген тәртіппен конкурстық негізде мұндай құқық алған басқа да мерзімді баспа басылымдарында ресми жарияланады.

Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын 2012 жылда:

«Казахстанская правда» республикалық газеті;
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті;
«Юридическая газета» газеті;
«Заң газеті» газеті;
«Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені» журналы, ие болды.

...