Қандай актілер ҚР әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жатады?

0 дауыс
374 қаралым
Қандай актілер Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жатады?
Заң

1 жауап

0 дауыс

«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 38-бабына сәйкес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, сондай-ақ әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiс.

Ұқсас сұрақтар

127,728 сұрақ
322,342 жауап
153,210 пікір
72,716 қолданушы