Алимент өндіруші талапкер алимент аударуға өз құжатын мекемеге тапсырмаған?

0 дауыс
483 қаралым
Алимент өндіруші талапкер алимент аударуға өз құжатын мекемеге тапсырмаған, ал мекемеге сот шешімі келіп тұр мекеменің қызметкерінен алимент өндіру жөнінде. Ақшасын мекеме ұстай береді ме алде өндіру жүргізілмейді ме?
Заң

1 жауап

0 дауыс

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының 93-бабы 2-тармағына сәйкес борышкердің жалақысынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріп алынған кезде сот орындаушысы осы Заңның талаптарын ескере отырып қаулы шығарады, онда берілген сома толық өндіріп алынғанға дейін ай сайын қандай мөлшерде ақша ұсталуға тиіс екендігі көрсетіледі және аумақтық бөлімнің не жеке сот орындаушысының мөрімен куәландырылған атқарушылық құжаттың көшірмесін бірге оны орындау үшін борышкер еңбек қатынастарында тұрған немесе сыйақы алатын жұмыс берушіге жібереді.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты жұмыс беруші борышкердің берешегін жалақысынан ұстап, атқарушылық құжатта көрсетілген оның тұрғылықты жері немесе орналасқан жері немесе банк деректемелері бойынша аударуы тиіс.

127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы