0 дауыс
365 көрілді
Ауылды жерлерде кооперацияны жетілдіру мақсатында қандай шаралар жүзеге асуда?

1 жауап

0 дауыс

Кооперацияны жетілдіру мақсатында мемлекет тарапынан бір қатар шаралар қабылданған.
Қазіргі уақытта республикада кооперативтердің барлық түрлерін ұйымдастыру және дамыту саласындағы қатынастарды реттейтін заңнамалық база қалыптасқан. Осылайша қолданыста «Қазақстан Республикасында Ауылдық тұтынушылық кооперация туралы», «Ауылшаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы», «Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы», «Өндiрiстiк кооператив туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары бар.
Бұдан басқа, Салық кодексінің 448 бабына сәйкес ауылдық тұтыну кооперативтеріне (АуылТК) корпоративтік табыс салығының, әлеуметтік салықтың, жер салығының, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының, мүлік салығының, көлік құралдары салығының бюджетке төленуге жататын сомалары 70 пайызға азайтылған шарттарды қарастыратын арнайы салық режимін пайдалануға мүмкіншіліктері бар.
Сондай-ақ, кооперацияны мемлекет тарапынан ынталандыру шаралары жүзеге асырылуда. Мәселен 2006 жылдан бастап ауылдық тұтынушылық кооперативтерге негізгі құралдарды және технологиялық жабдықтарды сатып алуға, сонымен қатар айналымдағы қаражатты толықтыруға 7 жылға дейін 5% мөлшерлемесімен жеңілдетілген несие беру жүзеге асырылуда. Несие беру кезеңінің басынан бастап, республика бойынша 140 ауылдық тұтынушылық кооперациялары 11 187,6 млн.теңгеге несиелендірілген болатын, оның ішіне 1 638 ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер және 3 482 жеке аула шаруашылықтары.
Бұдан басқа, кооперацияны ынталандыру үшін 2009 жылдан бастап Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың қатысуымен СДО деп аталатын сервистік дайындау орындарын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көрсетілген мақсаттарға республикалық бюджеттен 5,6 млрд.теңге бөлінген.
Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін несиелеудегі пайыздық мөлшердің бағасын төмендету және 2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникалары мен құралдарымен қамтамасыз ету туралы ережесінде екінші деңгейлі банктермен берілетін несиелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында СДО және АуылТК субсидия алушылар қатарына қосылды.
Қазіргі кезде кооперацияны бұдан әрі жетілдіру мақсатында ауылдық кооперативтерді мемлекет тарапынан қолдау шаралары қарастырылатын заң жобасы әзірленуде.
Бұдан басқа, АуылТК-ларды құрудың және жұмыс істеуінің тиімді нұсқасын әзірлеу мақсатында, қазіргі кезде, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарда пилоттық жобалар құру жоспарланған.

...