0 дауыс
478 көрілді
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 22.08. № 224 бұйрығымен бекітілген мәдениет ұйымдарының типтік штаттары туралы, электронды нұсқада алуға болады ма? Бізге сол нұсқаулық керек болып жатыр. Оркестр құру туралы. Сайттан іздеп таппадым.

1 жауап

0 дауыс

«Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) деңгейдегі мәдениет ұйымдарының типтік штаттары туралы» 2007 жылғы 22 тамыздағы № 224 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі бекітілген бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілмеген. Осыған орай, аталған қужаттың зандық күші жоқ. Бүгінгі таңда, Мәдениет министрілігі Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» Заңының 6-бабы 13) тармақшасына сәйкес Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттары туралы қаулы жобасы белгіленген тәртіппен әзірленуде.

Осыған орай, оркестр құру кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 қаулысымен бекітілген ережені басшылыққа алуды ұсынамыз.

Kul-muhammed_m

Председатель Комитета по культуре _________________ И. Козыбаев

...