0 дауыс
715 көрілді

Жекеменшік түрде БАҚ ретінде тіркетіп ғылыми журналды ай сайын шығару?

Мен қазіргі уақытта журнал басып шығаруға қабілетті баспахананың директоры болып қызмет атқарамын. Магистратура және докторантурада оқитын азаматтар арасында, ғылыми мақалаларын ақылы түрде бастыратын сапалы және мазмұнды БАҚ-на зәрулік байқалады. Осыған орай сұрағым: мен өз атымнан жекеменшік түрде осындай БАҚ Сіздерде тіркетіп және одан соң сол ғылыми журналды ай сайын шығарып тұруыма бола ма? Оның таралымы қанша дана болуы керек? Ол үшін не істеуім керек? Осы сұрағыма жан-жақты жауап берулеріңізді өтінемін. Қалдархан Әлісейітұлы Қамбар

1 жауап

0 дауыс

Мерзімді басылымды есепке қою үшін жеке меншік иесі Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 11 бабына сәйкес уәкілетті органға өтініш беру қажет. Аталмыш өтінішке: - жеке тұлғалар үшiн - кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі; - заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, құрылтай құжаттарының нотариалды түрде куәландырылған көшірмелері; - бюджетке алым төленгенін растайтын құжат қоса тіркеледі. Өтініш пен қоса берілетін құжаттар уәкілетті органға келіп түскеннен күннен бастап он бес күн аралығында қаралуға тиіс. Ал баспасөз басылымының жарыққа шығу жиілігі өтініште көрсетілуі бойынша анықталады. Сондай-ақ, жоғарыда аталған Заңның 12 бабына сәйкес, басылымның таралымы жүз данадан кем болмауы тиіс.

...