2014 жылғы мектеп бітірушілері ҰБТ-ны қалай тапсырады?

+1 дауыс
473 қаралым
2014 жылғы мектеп бітірушілері ҰБТ-ны қалай тапсырады?
• Санаты: ҰБТ жайлы

1 жауап

0 дауыс

2014 жылы ұлттық бірыңғай тестілеу қолданыстағы формат бойынша өткізіледі. ҰБТ-ны тапсыруға ерікті негізде жалпы орта білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері жіберіледі.  ҰБТ қазақ және орыс тілдерінде бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі  және  қазақ  тілінде  оқытатын  мектептердегі  орыс  тілі  және  таңдаған мамандыққа байланысты таңдау пәнінің біреуі бойынша өткізіледі. Арнайы немесе шығармашылық дайындықты    талап  ететін шығармашылық  мамандықтарына түсуші бітірушілер үшін таңдау пәні - ерікті. ҰБТ-ға   қатысуға    өтініштерді    қабылдау    мерзімі   -  10 наурыздан 25 сәуірге дейін. Өтініш бланкілерін толтыруды бітіруші өзі оқитын білім беру ұйымында жүргізеді. Тестілеу ҰБТӨП-терде 1-15 маусым аралығында өткізіледі.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
5 жауап
0 дауыс
9 жауап
+1 дауыс
7 жауап
+4 дауыс
17 жауап
127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы