+1 дауыс
451 көрілді
Сұрақ-Жауап сайтында менің қадағалауыммен екі аккаунт ашылды. Біреуі SZHMedia және SZHEditor

Бұл аккаунттардың мақсаты балл жинау емес, сайтта пайдалы сұрақтар қойып, пайдалы жауаптарды толықтырып отыру. Осы екі акккаунт қойған сұрақтарға жауап беріп отырсаңыздар болады.

Мысалы: http://www.adilet.gov.kz/questions осындай сайттарда өте пайдалы сұрақтар мен жауаптар жазылынып жатады. Бірақ сайттың техникалық жағы дұрыс жасалмағандықтан өте пайдалы сұрақтар ізеу кезінде, іздеу сайттарында көрінбей жатады. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Сұрақ-Жауап сайты көмекке келеді. Осы екі аккаунт пайдалы деген сұрақтарды сайтқа толықтырып отырады. Ақпарат іздеген адам оңай тауып алуы үшін. Сондықтан мына аккаунттар ақпараттарды көшіріп, балл жинап жатыр деп қатты сөкпеңіздер.

Бұлар қойған сұрақтарға да дауыс беріп, жауап беріп пікір қоссаңыздар болады.

Алдын ала рахмет. Барлығы сіздер үшін.

2 жауап

+2 дауыс
Жақсы бастама екен. Бiрақ екi аккаунт 35 мың қолданушыға аздық етпейма?
35 мың қолданушыға қатысы жоқ. Сайттың мақсаты өзгерген жоқ. Қолданушылар өздері сұрақ қояды, өздері жауап береді. Бұл аккаунттар пайдалы сұрақтар мен жауаптарды іздеп осында жазып отырады. Бары сол ғана, басқа ешқандай ерекшелігі жоқ.
+1 дауыс
Ол аккаунттарды кім басқарады?
Админ басқарады
...