0 дауыс
844 көрілді
Қарызды пайдалануды және өтеуді бақылау. Несиелік санкциялар

1 жауап

0 дауыс

Несиелердің әр сатысын талдап отыру қажет: несие  келісімшартын дайындау және бекіту, несиені беру барысында олардың  қолданылуын, несиенің өтелуіне бақылау  жасау барысында пайыздың төленуін. Заемщик пен банк арасында несие алу барысында жасалатын келісімшартты талдау несиелендірудің барлық процесі мен нәтижесін көрсетеді. Банктің несие бөлімі жасаған несие шарттарының орындалуына, оларды уақтылы және толық қайтаруына, қарыз алушылардың алынған ссудаларды тиімді пайдалануына, оларды уақтылы және толық қайтаруына, осыған орай қарыз алушымен ссудаларды пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде  тығыз байланыс жасауына жүйелі түрде бақылау жасауды жүзеге асыруы тиіс. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметі мен оның қаржылық жағдайына  жүйелі  түрде талдау жасалып отырады, жер жерлерде ақша және есеп айрысу құжаттарына, бухгалтерлік жазуларға, бухгалтерлік және статситикалық есеп  материалдарына  тексерулер жүргізеді. Осыған орай қарыз алушылардан, сол сияқты өзге де көздерден алынатын қаржылық және басқа ақпараттардың бүкіл түрлері пайдаланылады. Қажет болған жағдайда несие бөлімі келесі мәселелер бойынша жер жердегі қарыз алушыларға  тексерістер жүргізеді: -банктен алынған ссудаларды мақсатты пайдалану; -қойма есебінің мәліметтері бойынша ссудаларды қамтамасыз ету; -бухгалтерлік есептің жай күйі; -тауар материалдық  құндылықтардың сақталу жағдайы; -несие берілетін тауар материалдық құндылықтардың  құрамы және оларды  қайта өндеудің немесе өткізудің болашағы; -қарыз алушылардың өз қаржыларын пайдалану. Пруденциялық реттеу жүргізу нәтижесінде анықталған банк заңдарының бұзылуына жол берген екінші деңгейдегі банктерге шектелген ықпал ету шаралары мен санкциялар қолдану банк заңдарына сәйкес жүзеге асырылды. ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі банкке қолданған ықпал ету шараларымен қатар санкциялар қолданады. Санкциялар ретінде төмендегідей шараларды жүзеге асырады:

а)  Қазақстан Республикасы заң актілерімен белгіленген негізде айыппұл салу және өндіріп алу;

ә) барлық немесе жеке бір банктік операцияларды жүргізуге лицензияларды жою;

б) банкті консервациялау;

в) белгілі бір негіз бойынша банктің ашылуына рұқсатты қайтарып алу. ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі тарапынан екінші деңгейдегі банктердің банктік операцияларды жүргізуге рұқсат беретін лицензия қайтарылып алғаннан соң, лицензия берген органдармен тиісті шешімдер қабылданғанға дейін банктік операцияларды жүргізу тоқтатылады. Банктік операцияларды жүргізуге лицензиясы қайтарылғаннан кейін, ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі ондай банкті басқару үшін уақытша әкімшілік тағайындайды және барлық басқару органдарының құзыреті уақытша әкімшілікке беріледі. Сондай-ақ банкті бұған дейінгі басқарған органдарының құзыреті тоқтатылады. ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі банктік операцияларды жүргізуге лицензияны қайтарып алғаннан кейін, белгіленген тәртіпте 10 күн ішінде банк қызметін еріксіз тоқтату туралы сотқа арыз береді. Банкті консервациялау - банктің қаржылық жағдайын сауықтандыру және оның жұмысының сапасын жақсарту мақсатында өкіліетті ұйымның шешімі бойынша әкімшілік, заңи, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және өзге де шаралар кешенін мәжбүрлі түрде қолдануды білдіреді.

...