0 дауыс
613 көрілді
Банктік қарызды алудағы құжаттар тізімі?

1 жауап

0 дауыс

Ссуда — бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана нысанын білдіреді. Қарыз алушы ссуда алу үшін негізгі жазбаша түрдегі өтінішпен банкке жүгінеді, онда ссуданың мақсатты бағыты, оның сомасы, қайтару мерзімдері, сондай-ақ несие берілетін шараның қысқаша сипаттамасы атап көрсетіледі. Өтініш үш дана етіп толтырылады: бірінші және екінші дана (проводка)үшін негіз болып қызмет етеді, үшінші данасы несие қызметкерінің ісінде қалады. Ссудалық есеп шоты банкте, негізінен, банктің есеп шоты ашылған жерде ашылады. Клиентке басқа банк қызмет көрсететін болған жағдайда, соңғы банк несие берушінің сұратқан бүкіл қажетті құжаттарын тапсыруға міндетті. Қарыз алушы төмендегідей құжаттар пакетін тапсырған жағдайда несие беру жүзеге асырылады: 1.Несие берілетін шараның техникалық экономикалық негіздері: -өтініш білдірушінің қызметіне және оның өндіретін өніміне сипаттама; -несие есебінен өндірілетін өнімдердің тізімдемесі, оның экспорттық мүмкіндіктері, ішкі және әлемдік нарықта шығарылатын ұқсас өнімдермен салыстырмалы сипаттамасы; Сонымен қатар мына құжаттар талап етіледі: -өтініш; -жеке куәлік көшірм.; -СТТН көшір.; -6 н/е 12айға бөлініп берілетін жалақы туралы ақпарат; -жұмыс стажы, орны; -үй кітабының көшір.; -кепілдікке құқық беретін құжат; -отбасылық жағдайы жайлы құжат

...