0 дауыс
4.0k көрілді
Кім тапқыр ойынының шарты қалай?

2 жауап

0 дауыс
«Кім тапқыр?» сайыс сабағы

Сабақтың мақсаты: «Кім тапқыр?» сайыс сабағы арқылы бастауыш сыныптар бойынша оқушылардың білімділік,шешендік,интеллектуалдық қабілеттерін дамыта түсу.

Тәрбиелілігі: ұжымдық жұмыс жасауға,топтасып ақылдаса білуге,шапшаң шешім қабылдауға машықтандыру.
Көрнекілігі: сұрақтар,плакатта жазылған нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.
«Алғырлар», «Білгірлер» тобы болып, әр топқа 4 оқушыдан бөлінген.
Жүргізуші:
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім.
Оқып білім,ғылымды
Өнер табам деп келдім
.Үйренген соң білімді
Сайысамыз деп келдік,-дей отырып,бүгінгі «Кім тапқыр?»сайысына қош келдіңіздер.
Ақ көңілмен,ниетпен,
Әділ баға берсін деп
,Шаршамай,еш жалықпай
Айтқаныңызға көндік деп
Әділқазы алқасын
Сайлап алсақ жөн болар
Еленбей еш қалмасын
Адалдықпен сөз айтар.
(Әділқазыларды сайлау)
ІІ. Таныстыру
ІІІ. Сөз тапқанға…(Әр оқушы бір әріптен таңдайды)
Өз тілін жетік біліп үйренсе кім,
Ең жақын ұрпағы сол Жиреншенің.
Құрбы-құрдас,сергітіп бірін-бірі,
Шешендігін білдірер бүгін,міне.
Сұрақтар.
1.Бүгін қандай күн?
2. Сенің досың кім?
3.Ол қандай адам?
4.Жарыстан соң не істейсің?
5.Апайың ұрыса ма?
6.Ұйықтағанда не көресің?
7. Қандай тамақты ұнатасың?
8.Досыңа не айтасың?
9.Әлемдегі ең жүйрік кім?
10.Күннің ішінде не бар деп ойлайсың?
11. Кемпірқосақты қашан көруге болады?
12.Бізге тырнақ не үшін қажет?
13. Қар жана ма?
14. Сабақтан қиналғанда не істейсің?
15. Аспанда құс ұша ма?
ІҮ. Ойлан,тап!
Қатыссаңдар көтерілер көңіл-күйің,
Ойынның ойнайсыздар неше түрін.
Сөздерден көп жаңа сөз құрап шықса
Мақсатқа жетеміз-ау біз де бүгін.
(Алтыбақан сөзінен көбірек сөздер құрау қажет)
Ү. Сен білесің бе?
Таңғалдыр біліміңмен көрерменді,
Әрқайсысы бақтарынан көрер енді.
Қанекей,өрендерім бастайықшы
«Сен білесің бе?» деген бөлімді.
1-сұрақ. «Менің атым Қожаның» авторын ата.
2-сұрақ. Абайдың 7-інші қара сөзінде бала анадан қандай мінезбен туады деген?
3-сұрақ. Іс-әрекетпен көрсету.
4-сұрақ.Елтаңбаның авторларын ата.
5-сұрақ. Оқу-білім туралы мақал айт.
6-сұрақ. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
7-сұрақ. М.Мақатаев өлеңіндегі «Үшінші бақытым» дегені не?
8-сұрақ. Оқу жылының алғашқы айын ата.
ҮІ. Үй тапсырмасы.
Тыңдаңыздар балалардың тапсырмасын,
Таңғажайып сұрақтар бар қызықтасын.
Дамылсыз ізденуге ерінбесең,
Керегіңді өмірден тез табасың.
Әр оқушы өздерінің дайындап келген тапсырмаларын ұсынады.
ҮІІ.Қорытынды.
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықтық бүгін шыңдарына.
«Кім тапқыр?» сайысы аяқталды,
Сөз кезегі әділқазы алқасында.
0 дауыс
Я Серікбай Жібек
...