Toyota Motor Corporation (жапон. トヨタ自動車株式会社 тойота дзидо:ша кабушикигайша) - әлемнің ең ірі машина жасау, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсететін және қосымша бірнеше бизнес бағыттары бар корпорация. Штаб-пәтері - ЖапонияныңТойота қаласында, Айчи аумағында орналасқан. Fortune Global 500[3] (2010 жылы) – компания 5-ші орынды иеленген.
Toyota Motor Corporation - Toyota Group-тың басты мүшесі болып саналады. «Toyota» бренді көбінесе осы компаниямен байланысты. «Тойота» автокөліктерінің белгісі сопақ әрі оны перпендикуляр қиған доғал шеңберлер арқылы белгіленеді және осы перпендикуляр тұрған доғал шеңберді жартылай қиыс сызық кесіп өтеді. Бұл иненің көзі мен одан өткен жіпті білдіреді.Киичироның әкесінің тоқыма цехында сондай-ақ ине және жіп шығару ісі де жүзеге асқан. Содан бері осы белгі «Тойота» автомобильдерінің сауда белгісі болып қалыптасқан
Toyota» жапондық автомобиль компаниясы 1933 жылы тоқыма станоктарын дайындаумен айналысатын Toyoda Automatic Loom Works зауытының бөлімшесі ретінде құрылды. 1929 жылы Киичиро Тойода Еуропа мен АҚШ-қа машина өнеркәсібімен танысуға сапар жасады. 1930 жылы компания иесіні Сакичи Тойоданың ұлы Киичиро Тойода американдық үлгімен бензинді қозғалтқышты автомобильдер шығара бастады. Оның бірқатар өзгерген тегі фирманың сауда маркасы болды. ЖапонияҮкіметі Toyoda Automatic Loom Works компаниясының бұл бастамасын қолдады. 1934 жылы компания бірінші рет А типтегі қозғалтқыштағы жолаушы тасымалдайтын автомобиль шығарды, осы модель 1935 жылдың 1 мамырында пайдалануға берілді, осы жылы G1 жүк машинасы тамыз айында қолданысқа енді. АА маркалы көлігінің өндірісі 1936 жылы басталды. Алдыңғы моделдер Dodge Power Wagon и Chevrolet моделдеріне ұқсас болды.
Toyota Motor Co., Ltd.- 1937 ж. өздігінен қызмет атқаратын компания болып негізделді. Компанияны құрушының тегі «Тойода» (豊田) болып аталатынына қарамастан, компанияға «Тойота» (トヨタ) аты берілді. Өйткені, Жапонияда 8 саны сәттілік әкеледі деп саналады, ал катаканамен жазылған «Тоёта» (トヨタ) атауы дәл 8 сызықтан тұрады.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде компания Жапония императорлығына жүк тасымалдаушы көлік шығарумен айналысты. Сол кездегі қатаң тапшылық үшін Жапонияның әскери жүк тасымалдаушы көлігі ең оңайлатылған нұсқада, мысалы, бір ғана фарасымен жасалды. Кейбіреулердің ойынша соғыстың жылдам біткені Аичи қаласындағы Toyota зауытын бомбылаудың әсерінен болды деп санайды.
Toyota Motor Corporation бас пәтері
Toyota Motor Corporation соғыстан кейін 1947 жылы коммерциялық жолаушы тасымалдайтын көлік SA моделін шығарды. 1950жылы Toyota Motor Sales Co атаулы сатумен айналысатын жеке компания құрылды. (Ол 1982 жылға дейін қызмет атқарды).1956 жылы сәуірде Toyopet делдалдық жүйе құрылды. 1957 жылы Toyota Crown Америкаға экспортқа жіберілетін алғашқы жапондық автомобиль болды. (Бразилияға да экспортталды).
Тойота 1960 жылы жылдам қарқынмен кеңейе бастады. Ең алғашқы «Тойота» маркалы автомобиль Жапония аумағынан тыс1963 жылы Австралияның Мельбурн қаласында конвейерден шығарылды.
2009 жылдың мамыр айында компания қаржылық залалға ұшырады[4].Бұл 1950 жылдан бастап болмаған еді.