–1 дауыс
5.6k көрілді
Журналистикага түсіп, диктор мамандығын оқыса, ұбт ға әдебиет пәнін тандайды ма? Канша балл жинау керек,және де кай калада кандай университет бар журналистика мамандығына сәйкес,бірақ та естуімше әдебиет тандаган да тест киын болады деиді,осы журналистика мен диктор саласы бойынша характеристика жазып берініздерші!?

1 жауап

0 дауыс
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде журналистика және саясаттану факультеті бар. Мұнда

«Журналистика» мамандығы бойынша талапкер екі шығармашылық емтихан тапсырады. Яғни, ауызша және жазбаша. Әр емтиханның жоғары балы 25 балды құрайды. Егер, 10 балдан төмен жинаса, шығармашылық емтиханнан өтпеді деп саналады. Шығармашылық емтиханда жинаған балға «Қазақ тілі» мен «Қазақстан тарихы» пәндерінің балдары қоса есептеліп, талапкер мемлекеттік грант жеңіп алу конкурсына қатыса алады.

«Баспа ісі» мамандығы бойынша «Қазақ әдебиеті» пәні таңдалады.

«Қоғаммен байланыс» мамандығы үшін «География» пәні - таңдау пәні болып саналады.

Ал «Саясаттану» мамандығы бойынша «Дүниежүзі тарихы» пәні таңдау пәні болып есептеледі.

Диктор болу үшін арнайы диктор мамандығы деген жоқ. Ол үшін өзіңіз арнайы курстарға қатысып дикторлық қабілеттеріңізді арттыруға болады.
...