0 дауыс
2.0k көрілді

Менің пропискам жоқ. 2 жыл болды қазір еш жерде тіркелмегенмін. Енді тіркеуге отыру үшін қайда бару керек? Мен штраф төлеймін бе? Төлесем қанша төлеймін?

Айымжан Шапағатқызы

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 377-бабының төмендегі тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұруға әкімшілік санкциялар көзделген:
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша күнтізбелік он күннен астам мерзімде тiркеуден өтпей тұруы – ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет - он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Яғни, Сізде әзірге бірінші жағдай. Сізге Халыққа қызмет көрсету орталығына (ЦОН) бару немесе электронды портал арқылы тіркелу жүргізуге болады,
0 дауыс
Халыкка кызмет корсету орталыгына барасыз(цон) ал айыппул жагын билмейди екенмин негизи толеу керек канша екенин билмедим
...