0 дауыс
746 көрілді
Қырғыз көлігін Қазақстанға қалай құжаттауға болады?

1 жауап

0 дауыс

Қырғызстан мен Монғолиядан сатып алынған автокөліктерді кеденнен өткізудің шарттары қандай?

Қырғызстан мен Монғолия Кеден одағының құрамына кіретін елдер емес, сондықтан осы елдерде сатып алынып, Қазақстан Республикасына әкелінген автокөліктер кедендік тазартудан ЕО елдерінен немесе АҚШ-тан әкелінген автокөліктер секілді жалпы негіздерде өтуі тиіс.

Заңнамада, сондай-ақ, жеке пайдалану үшін автокөліктерді уақытша әкелудің нақты көрсетілген тәртібі, мерзімі мен шарттары бар. Кеден одағына кірмейтін шет мемлекетте тіркелген автокөлік Қазақстан Республикасына жеке пайдалану үшін бір жылдан аспайтын мерзімге әкеліне алады. Мұндай әкелім кезінде автокөлік оны әкелуді жүзеге асырған тұлға ғана пайдаланатын жағдайда кеден баждарын төлеуден босатылады. Пайдалану немесе басқару құқығын тапсыру тек кедендік тазарту шарасы жүргізілетін жағдайда ғана мүмкін болады.

сілтеме

...