0 дауыс
625 көрілді
Үнемі діндегі принциптерді  ұстанып өмір сүре аласыз ба? Маған осы кейде өзімнің діни ойларым өміріме бөгет болып жатқандай көрінеді. Жоқ, көрінеді емес-ау, кәдімгідей бөгет жасап жүр.

2 жауап

+1 дауыс
Дінің Ислам деген ойдамын. Дінді Пайғамбарымыз(сау) ауырлатпаңдар деді. Дін ол арқашан адамнан устем келеді. сен оны қанша құшағыңды жайып, барлық кағидаттарын қарпып алам десең де, ол барибир уысыңа сыймайды. Өйткені дін ол Алланы тану ілімі. Ал Алла қашанда жаратылысынан үстем келеді. Аллах ілімін жазуға  мұхит көлеміндей сия болса, ол сия  таусылар, бірақ Аллах ілімі ешқашан таусылмайды.  Тіпті адамның ғұмыры оған жетпейді. Кашанда адам баласында канағат деген жоқ. Бәрін білсем, бәрін алсам бәрін көрсем деп тұрады. Кейде оны адам миы, жүрегі көтере алмауы мүмкін. Исламға келіп мұсылман адам сәл тақуалана бастаса болғаны жүрек көп сауап жинағысы келіп, напси көтере алмайтын жүкті өз мойнына артып қояды. барлық діни қағидаларды бірден кабылдамаңыз. Мұсылман болу әсте әсте, кәпір болу бір пәсте. Қасықтап жинаған білімініңіз напси көтере алмау себепті ап сәтте жоқ боп кетуі мүмкін. Сабырлы болыңыз. Мұндай жағдайлар сахабаларда да болды. мысалға; бір сахаба келеді Пайғамбарымызға ;Йа , Расулулаллах, маған дін ұстану қиын боп кетті сіз маған бірнеше амал айтсаңыз жаннатқа жетелейтін, мен соны ғана орындап жүрейін дейді. Сонда Пайғамбарымыз (сау) Екі жағынның арасындағы мен екі аяғыныңның арасындағына ие бол дейді. бирақ ол 5 парызды тастап осы еки амалды истеп жур деген емес. Калимаңды айтып жур, намазыңды оқы, оразаңды уста, зекетіңді бер, ақшаң жетсе қажылығыңды өте осы 5 парыздан бөлек , екі жағыңның арасындағы -яғни тіліңе ие бол, және зинаға жолама деп жатыр. Осындай секілді хадистер көп. Мысалы Біләл өзі мұсылмандық парыздардан бөлек ар дарет алған сайын 2 ракагат намаз оқып жаннати болды. ал егер сіз бірден харам ,халал деп бөліп тастасаңыз ол напсінізге ауыр тисе, жай жай напсинизди уйретип уйретип барып тыйылыңыз. Мысалға музыка тыңдау егер сіз бірден тыңдамай қойсаңыз, бір түрлі боп жүрек тыншымай,мазасызданасыз. ари неге көңіліңіз түсіп жургенін де түсінбей, өзіңізден өзіңіз бөлектеніп тұйықталасыз. бұл дұрыс емес. Дін адамды жабырқату үшін емес,оның өмірін жақсарту үшін кажет сенім болып табылады. Егер жүрегіңіз тыншымай ұнжырғаңыз түсіп жүрсе біліңіз, сіздің ақылға салып миыңызға қабылда деп жатқан дін қағидаларын жүрегіңіз қабылдамай жатыр. себебі жүрегіңіз оған дайын емес. Ал көңіл күйі жабырқап жүрген мусылман шайтанның қуанышы. Себебі  мұндай сәтте мұсылман адам уасуасқа оңай еріп кетеді. әрі не істегенін де білмей тағыда жабырқау күйге түседі. сөйтіп жамандық екінші бір жамандықты тудырады демекші, сіз діннен алшақтай бересіз.
0 дауыс
Сұрағыңыз түсініксіз...Принцип деп үлкен парыздарын айтып отырсызба? Қандай принциптер соны жазасызба нақты түсінікті болу үшін?
...